Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚР Президенті архиві «Достық» үйінде «Ашық қоғам – ашық архив» халықаралық архившілер конгресі өтті


2022 жылғы 19 қазанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты ұйымдастырған, Республикалық Достық үйінде өткен «Ашық қоғам-ашық архив» 1-ші халықаралық мұрағатшылар конгресіне қатысты.

Ic-шараның мақсаты: төл тарихымызды сақтаушылардың сындарлы диалогы үшін тұрақты қызмет ететін халықаралық келіссөз алаңын құру, тарихи-мәдени және деректі мұраны сақтаудың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарды, шешімдерді талқылау және қабылдау, мұрағатты дамытудың инновациялық идеяларын қалыптастыру, жобаларды іске асыру және үздік архивтік тәжірибелерді тираждау.

Халықаралық мұрағатшылар Конгресінің ресми ашылу рәсіміне ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, шетелдік мұрағат мекемелерінің басшылары, ЖОО ректорлары, елшілер, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Халықаралық мамандардың қатысуымен өткен конференцияға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан 16 адам мүшелік етті, олардың қатарында: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология  институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,  т.ғ.д., профессор Қабылдинов З.Е., директордың кеңесшісі, с.ғ.д., профессор Борбасов С.М., философия докторы (PhD) Жетпіспай Н.Ы., ЖҒҚ, т.ғ.к. Дюсенова Н.К., ЖҒҚ, т.ғ.к. Әбікей А.М., ЖҒҚ Рысқұлов Т.А., ҒҚ, магистр докторант Сатенова М.Р., магистрлер Жунусова Б.Н., Мурзаходжаев Қ.М., Бурханов Б.Б., Байжұманова З.Б., Арепова А.Д., Әшім Б.Ә., Кубеев Р.Д., Закарья Р., Морякова М.Т.