Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Көрнекті этнолог-ғалым С.Е. Әжіғали ҚР Президентінің жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды 


Мемлекеттік мереке – Республика күні қарсаңында ҚР Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Институт жанынан ашылған “Ескерткіштану” ғылыми-зерттеу орталығының директоры Серік Ескендірұлы Әжіғали “Парасат” орденімен марапатталды. Ғалымның негізгі іргелі зерттеу еңбектері отандық тарих пен мәдениетті ілгері дамытуға арналған. 

Институт ұжымы С.Е. Әжіғалиді жоғары мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтайды! Ғылымда шығармашылық табыстар, барлық  бастамаларыңызға сәттілік, деніңізге саулық тілейміз!