Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жаңалықтар


Бүгін 14 тамызда Институт директоры Х.М. Әбжанов «Қазақстан тарихы» веб-порталына қатысты институттың қызметкерлері Қ. Әлімғазинов, С. Смағұлова, А. Ермұхамедова, К. Нұрымбетованың қатысумен жиналыс  өткізіп, портал жұмысына қатысты жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барысын талқылап,  жаңа тапсырмалар берді.

pic2

Институттың ғылыми қызметкері С.А. Асанова 13 тамызда «Вечерний Алматы» газетінің Қазақстан конституциясы күніне арнап өткізген дөңгелек үстелге қатысты.

pic1

2013 жылдың 18 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қазақстан тарихшыларының Ұлттық Конгресі ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткізілген «Қазақстан тарихы: инновациялық тұжырымдамалар мен дәуірлеу ғылыми танымның басым бағыттары» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жарық көрді.

Бұл конференция материалдарына еліміздегі, сондай-ақ таяу шетелдердегі белгілі маман тарихшыларының мақалалары топтастырылды. Жинаққа жарияланған мақалалардың басымы 20 кітаптан тұратын 10 томдық «Қазақстан тарихына» енгізілетін проблемалар мәселесіне, тарих философиясы, методологиясы және тарихнамадағы инновациялық тұжырымдар, деректану мен археография салаларын инновациялық тұрғыда дамыту, тарих ғылымындағы және тарихты оқытудағы жаңа  технологиялар, этнологиялық және антропологиялық зерттеулер: тәжірибесі мен дамыту жолдары, патриотизмді қалыптастырудағы тарихтың орны мен рөлі, тұлғатану тағылымы, өңірлер тарихын зерттеудің қырлары, «Қазақстан тарихын» дәуірлеудің жаңа ұстанымдары сияқты мәселелерге арналған.

pic3

«Қазақстанның әйгілі тарихшы-ғалымдары С.Б. Бейсембаев пен Б.С. Сүлейменовтың туғанына 100 жыл» халықаралық ғылыми –тәжирибелік конференция материалдары (11 желтоқсан 2012 ж.) мен Төле би Әлібекұлының туғанына 350 жыл толуына орай өткізілген «Төле би және ұлттық тарих» атты Республикалық ғылыми конференция материалдары топтастырылған «Қазақтың әйгілі тұлғалары» атты жинақ материалы жарық көрді.