Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жаңалықтар


pic1

13 тамызда институтта Алматы облысының қоғамдық-саяси «Жетісу» газетінің ұйымдастыруымен ұлттық тарихты зерделеуге байланысты дөңгелек үстел өткізіліп, оның жұмысына ғалымдар Х.М. Әбжанов, С.О. Смағұлова, Қ.С. Алдажұманов, А.И. Құдайбергенова, Қ.Өскенбай және басқа институтың ғалымдары қатысып, Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне қатысты ойларын ортаға салды.  Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов ел тарихын зерделеудің маңыздылығын, Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің шет елден қазаққа қатысты материалдарды жинақтау, жаңа оқулық жазу, қазақ тарихында әлі нақты зерттелмеген мәселелерді қолға алу қажеттігі туралы  тапсырмалары аса орынды санады. Т.ғ.д. С.О. Смағұлова Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қолға алған «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асу барысы, қорытындылары мен қазіргі ұлттық тарихты зерделеуге байланысты жүзеге асырылып жатқан іс-шараларға тоқталды. Т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов кешегі кеңестік кезеңде ұлттық тарихтың жазылу барысы мен тәуелсіздікті алғаннан кейінгі 20 жылдың ішінде тарих ғылымы саласында қарасытырылып жатқан мәселелерді нақты мысалдармен ашып айтты. Орта мектептерде оқытылатын тарих пен жоғарғы оқу орындарына арналған тарихи оқулықтар сапасын сөз еткен т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова оқулықта кезесетін олқылықтар  мен қарама-қайшылықтарды айта отырып, жаңа оқулықтарды жазу барысында осындай кемшіліктердің болмауына ерекше мән беру қажеттігін көтерді.

Т.ғ.к. Қ.З. Өскенбай қазірде Щыңғыс ханды түркі деп тануға талпыныс жасауға күш салып жатқандардың пікірін қисынсыз деп тауып, дәлел ретінде Шыңғысханның өмірін дүниежүзі тарихшыларыдың еңбектеріне тоқталып өтті.

«Жетісу» газетінің тілшісі Қ.Ә. Қайранбаев та Қазақстан тарихын зерделеуге қатысты жүргізіліп отырған іс-шараның аса дұрыстығын, тарих саласы үшін көптеген игілікті істер атқарылып жатқанын айтты.

DSCN3191

 15 тамызда институтта директордың орынбасары С.О. Смағұлованың басшылығымен еңбек тәртібі және алдағы өткізілетін іс-шаралар туралы институт қызметкерлерімен жиналыс өткізілді. Жаздық демалыстан шыққан Институт қызметкерлерінің жұмысқа уақытылы келуі талап етілді. Алда өткізілетін методологиялық семинар, дөңгелек үстел және ғылыми конференцияларды даярлау барысы мен оған жауапты адамдар нақтыланды.

15 тамызда Институт директоры Х.М. Әбжанов Кенесары хан қоғамдық қорының директоры Мұхтар Мамырбекұлы Абағанмен кездесіп, мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841-1847). Кенесарыға қатысты өткізілетін іс-шаралар мәселесімен сөйлесті.

DSCN3181

 

15 тамызда института «Қазақстан тарихы» веб-порталына байланысты ғылыми инститтардың өкілдерінің бас қосқан кеңесі өтіп, институттың порталға жұмысына жауапты өкілі т.ғ.д. Қ. Әлімғазинов порталдың салалары, оған салынатын материалдар төңірегінде туындаған сұрақтарға жауап берді.

DSCN3199

16 тамызда «Қазақстан тарихы» веб-порталына байланысты институттың жұмысшы тобының мүшелері т.ғ.д. Қ. Әлімғазинов, т.ғ.д. С. Смағұлова, т.ғ.к. Қ. Өскенбай және Археология институтының ғалым хатшысы, т.ғ.к. Ж. Мықтыбаева кеңес өткізіп, порталдың салаларына қатысты материалдарды талдаудан өткізді.

DSCN3196

DSCN3200