Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және оның салдары» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция қорытындысы


2022 жылғы 6 қазанда ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы  ашаршылық және оның салдарлары: зерттеудің жаңа дереккөздері, мәселелері мен болашағы» тақырыбында республикакалық ғылыми-теориялық конференция өткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаласында: «Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді.

Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді. Тіпті, ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек», деп атап өткен еді.

Президент тапсырмасын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржылай қолдауымен, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты №АР09259227 «1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы жаппай ашаршылық және оның салдарлары (жаңа архивтік және жазбаша дереккөздер негізінде)» мемлекеттік қаржыландыру жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 6 қазанда «1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы  ашаршылық және оның салдарлары: зерттеудің жаңа дереккөздері, мәселелері мен болашағы» тақырыбында республикакалық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Конференцияға қатысуға ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, 1921-1922 жылдардағы ашаршылық тақырыбын зерделеумен айналысатын ізденушілер шақырылды. Конференция Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ш.Б. Тлеубаевтың алғысөзімен ашылды. Конференцияға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, жоба орындаушысы А.Т. Капаева және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Астана қаласындағы филиалының директоры, PhD докторы, жоба жетекшісі М.М. Қозыбаева модераторлық жасады.

Шетелдік ғалымдардан РҒА Сібір бөлімі Тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор В.М. Рынков (РФ, Новосібір қ.) «Продовольственные кампании в России в начале XX в.: опыт борьбы с предпосылками голода и инвестиций в развитие территорий», Алтай мемлекеттік университетінің шығыстану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Ю.А. Лысенко (РФ, Барнаул) «Продовольственная политика Советской власти в Казахстане в период Гражданской войны», Украина ҰҒА М.С. Грушевский атындағы Украина археография және деректану институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты В.В.Грибовский (Украина, Киев қ.) «Голод на Никопольщине в свете советской периодики 1921-1923 гг.», П.П. Ершов атындағы Ишим музей кешенінің ғалым хатшысы Г.А. Крамор (РФ, Ишим қ.) «Антология исследовательских и архивных материалов «Двадцать первый. Красная весна» как источник информации о Западно-Сибирском восстании 1921 года» тақырыптарында баяндамаларын жасап, өздерінің ғылыми көзқарастарымен бөлісті. Еліміздің Астана, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Орал, Петропавл, Тараз қалаларының ғалымдары мен тарих пәнінің мұғалімі өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне баяндама жасады.

«1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы жаппай ашаршылық және оның салдарлары (жаңа архивтік және жазбаша дереккөздер негізінде)» жобасының орындаушылары жоба бойынша зерделенген тақырыптарында баяндамаларын жасап, көпшілікке таныстырды: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Астана қаласындағы филиалының директоры, PhD докторы, жоба жетекшісі М.М. Қозыбаева (Қазақстан, Астана қ.) «Участие иностранных организаций в помощи голодающим в 1921-1922 гг. в Казахстане»; Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Капаева (Қазақстан, Алматы қ.) «Некоторые аспекты теории и методологии изучения голода 1921-1922 гг.»; Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты С.А. Асанова (Қазақстан, Алматы қ.) «Десоветизация национальной истории на примере голода  1921-1922 гг.»; М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Л.А. Гривенная (Қазақстан, Петропавл қ.) «Крестьянское вооружённое сопротивление начала 1920-х годов в казахстанском дискурсе»; А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Р.Ж. Байдалы (Қазақстан, Қостанай қ.) «Орталық және жергілікті билік органдарының аштықпен күреске қатысуы», Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, тарих магистрі А.А.Бекенова (Қазақстан, Алматы қ.) «1921-1922 жылдардағы балалардың жағдайы»; Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, тарих магистрі А.Н. Конкабаева (Қазақстан, Алматы қ.) «1921–1922 жылдардағы қазақ ауылындағы ашаршылықтың ерекшеліктері».

А.А. Бекенова, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының КҒҚ, тарих магистрі