Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты дәстүрлі «Ақай Нүсіпбеков оқулары» аясында тарихшы Бегежан Сүлейменовтың туғанына 110 жыл толуына орай желтоқсан айының 20-шi күні «ХІХ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Бегежан Сүлейменов Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген. Карл Либкнехт атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1938-1942 жылдары – Қазақ педагогикалық институты (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) КСРО тарихы кафедрасының аға оқытушысы. 1942-1943 жылдары – Қазақ мемлекеттік шет тілдер мұғалімдер институтының (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) ректоры. 1943-1946 жылдары – КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің Тіл, әдебиет және тарих институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1946-1952 жылдары Шоқан Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатын зерттеумен шұғылданған. 1-орыс революциясы тұсындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшіліктері жайында еңбектер жазған. 1952 жылы Бекежан Сүлейменовтің өзі кеңестік тоталиатарлық жүйе тарапынан қысымшылыққа ұшырайды. Оның еңбектеріне «реакциялық пиғылдағы бай феодалдарды, хандар мен сұлтандарды дәріптеді, ұлттшылдық идеяларды насихаттады» деген айыптар тағылып, сот шешімімен 25 жылға сотталған. Жазасын Иркутск облысындағы еңбекпен түзету лагерінде өтеп жүрген кезінде 1954 жылы ақталып шыққан. Осы жылы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтына ғылыми қызметкер болып жұмысқа орналасқан. 1957-1984 жылдары Шоқан Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтының революцияға дейінгі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Конференция жұмысы барысында келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • Қазақстанның тарих ғылымының жағдайы: зерттеулердің тұжырымдық тәсілдері мен даму келешегі.
  • Б.С. Сүлейменовтың ғылыми мұрасы: дәстүрлері мен ғылыми жаңалықтарының өлшемі.
  • Қазақстан және әлемдік қауымдастық: ұлттық тәуелсіздік пен геосаяси векторы.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс.

Жұмыс форматы: ZOOM бағдарламасы негізінде онлайн-конференция (идентификатор: 825 5313 5255; пароль: 179457).

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның сілтемесі:

https://us02web.zoom.us/j/82553135255?pwd=R0RtUTJDR24yK0cyTGZBdHM0WExZUT09

Конференция жұмысына қатысу үшін өтініш ұйымдастыру комитеті мекен-жайна (Алматы қ., Шевченко көшесі, 28. ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты) 2020 жылдың желтоқсан айының 8-i күніне дейін жіберуге болады. Өтінішке қойылатын талаптар: аты-жөні, тегі, баяндама мәтіні мен тақырыбы, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, атағы, байланыс телефондары (тел., е-mail).

Баяндама мәтіні, талаптарға сай безендіріліп (көлемі 6-8 бет, шрифті – Times New Roman, кегль – 14, жол көлемі – 2,5 см, баяндама тақырыбы – жазбаша, файл аты – латын әріптерімен, автордың тегіне сай келуі керек), ұйымдастырушылардың электрондық байланыс желісіне kazhistory@bk.ru.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы мен телефондары:

050010 Алматы қ., Шевченко көш., 28,

ҚР ҒжЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. ТЭИ

Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімі

тел. 8 (727) 261-67-19, e-mail: kazhistory@bk.ru

Байланыс тұлғалары:

Шотанова Ғалия Айтжанқызы, тел. +7 (702) 407-62-40, e-mail: galia8.09@mail.ru 

Оразов Рашид Ешенұлы, тел. +7 (707) 909-17-72, e-mail: r.o.e@mail.ru

Ұйымдастырушы комитет