2022 жылғы 12 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты – әріптестік қатынастарды орнату, өзара тиімді шарттарда тараптар арасында ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ақпараттық, білім беру және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру кезінде өзара қолдау көрсету.
Меморандум мақсаттарына қол жеткізу үшін тараптар ұйымдастырған және өткізетін ақпараттық, білім беру және өзге де іс-шараларға қатысу үшін тараптар өкілдеріне қолайлы жағдайлар жасауға және жәрдем көрсетуге ықпал етуге; бірлескен іс-шараларды, конкурстар мен бұқаралық іс-шараларды өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті.
Бірлескен ынтымақтастықтың өзара тиімді шарттары бойынша келісімге қол жеткізілген кезде тараптар оларды жекелеген шарттар жасасу арқылы бекітуге келісті.
Тарих магистрі А.А. Бекенова