Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ИНСТИТУТ ФИЛИАЛЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ


2022 жылдың 8 желтоқсанында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 85 жылдығын мерекелеу барысында Петропавл қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты филиалының салтанатты ашылуы өтті.

Филиалдың ашылу салтанатында Астана қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты филиалының директоры, PhD докторы Махаббат Мәлікқызы Қозыбаева сөз сөйледі. Сонымен қатар, Астаналық филиалдың диреткоры, Петропавл қаласындағы филиалдың ашылуы институт үшін өте маңызды екенін, сондай-ақ Қазақстанның тарих ғылымының одан әрі дамуы үшін өзекті екенін атап өтті. Өз сөзінде облыс тарихшыларының Өңірлік комиссияның жұмысына қосқан қомақты үлесін, жаппай және саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның порталындағы жарияланымдарын атап өтті, Солтүстік Қазақстанның өңірлік вуздарымен ынтымақтастықтың алдағы жоспарлары мен перспективаларымен бөлісті.

Петропавл қаласында филиалдың ашылуына орай және оның ғылыми-библиографиялық базасын нығайту шеңберінде институт көптеген кітаптарды сыйға тартты, олардың көпшілігі Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жаңа монографиялары, жақында аяқталған ғылыми-зерттеу жобаларының құжаттар топтамасы.

Сондай-ақ салтанатты ашылуда Петропавл қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты филиалының директоры, тарих ғылымдарының
кандидаты Нұрболат Әскерұлы Абуов сөз сөйледі. Ол құрылған филиал өз жұмысын – Саяси қуғын-сүргін құрбандарының деректер базасында Мемлекеттік комиссия порталында жариялау үшін облыстық комиссияның материалдарын дайындау; құжаттар жинақтарын, монографияларды басып шығару, келісім бойынша және институттың тапсырмасы бойынша конференциялар өткізу; Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми конкурстарына қатысу арқылы Солтүстік Қазақстан тарихының ерекшеліктерін ескере отырып, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу және т.б. бағыттар бойынша жүргізіп, дамытатынын баса айтты. Қазіргі уақытта Филиал бас институттың басшысымен, Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдарымен бірлесіп, 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына 1 өтінім берді.

Петропавл қаласындағы филиалдың ашылуына арналған салтанатты шара 1-Қызылжар Форумы аясында аяқталып, онда облыс тарихшылары мен форум қонақтары ғылыми жоспарлары және жетістіктерімен бөлісті.

Әбуов Н.Ә. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ШЖҚ РМК филиалының Петропавл қ. директоры, тарих ғылымының кандидаты;