Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Психологтың докторанттарға диссертация жазу және оны қорғау туралы кеңесі


11 қаңтар 2023 ж. Институтта директордың орынбасары А.Т. Абдулина, ғалым хатшы Н.Н. Құрманалина, ғылыми қызметкер М.Т. Морякова мен баспасөз хатшысы Г.Т. Бурибаева, және арнайы шақырылған психолог-маман, НЛП коуч Әсел Тәсеменқызы Жиенбаеваның қатысуымен докторанттарға арналған психологиялық тренинг өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – докторанттардың оқу барысынан қорғау сәтіне дейінгі кездесетін мәселелерді талқылау болды.

Психологпен тренинг өткізу барысында Докторант Морякова М.Т. докторанттардың қарқынды жұмысына кедергі келтіретін маңызды тақырыптарға тоқталып өтті. Атап айтқанда, ол докторанттардың шетелдік тағылымдамадан өтуіне қаржының жеткіліксіздігі туралы мәселесін қозғады.

Ғалым хатшы Құрманалина Н.Н. докторанттардың ғылыми жетекшімен жұмыс жасау кезіндегі және қорғау барысындағы сезімдерімен бөлісті. Сонымен қатар, докторанттардың ғылыми жетекшілермен қарым-қатынас орнатуына кедергі келтіретін барлық нюанстар талқыланды. Психолог барлық негізгі әдістер мен ішкі қорқыныштарға тоқталып, ұжымда ғылыми жетекшімен, сондай-ақ докторанттармен қарым-қатынасты қалай құру керектігі туралы әңгіме барысында бөлісті.

Психолог, ең алдымен, диссертация қорғаудағы қорқынышты қалай жеңу керектігін, отбасылық міндеттер, оқу мен жұмысты өзара ұштастыру туралы және диссертация жазу процесін оңтайландыруға көмектесетін кеңестер берді.

Сонымен қатар, Әселдің айтуынша, ол өзіне кеңес алуға келетін зерттеушілердің арасында перфекционизммен жиі кездесетіндігін айтты. Шынында да, әдетте, перфекционист болып табылатын көптеген ғалымдар, ең алдымен, үлкен мақсаттар қояды және әр нәрсеге мұқият бола отырып, жұмысын мінсіз етіп орындауға тырысады.

Нәтижелігіңізді сақтап қалу үшін ескеруді қажет ететін барлық тармақтар жайлы, біздің Ютуб-арнамызда жарияланатын тренингтің бейнероликтік толық нұсқасынан тамашалай аласыздар. Бұл тақырып Сіздерді қызықтырады деп үміттенеміз!

Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде кері байланыс күтеміз! Институт одан әрі қызықты контентпен қызықтыратын болады.