Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 19-25.08.13


21.08.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов жастарды тәрбиесіндегі ұлттық тарихтың рөліне арналған «Тарихи тұлғатану және жастар тәрбиесі» атты дөңгелек үстелде баяндама жасады. Іс-шара «Нұр Отан» қоғамдық-саяси партиясы және ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен өткізілді.

http://ru.nurotan.kz/novosti/ca/v_nur_otane_obsudili_rol_naciona

21.08.13. Тарихи тұлғатану және тұлғатану бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерінің әлеуметтік мәселелері жайында «Қазақстан» телеарнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасында «Алтын құрсақты аналар» тақырыбындағы түсірілімге қатысты.

22.0813. Қазақстандық ғылымды дамыту міндеттеріне орай Елбасы тапсырмасы бойынша «Қазақстан-2050» бағдарламасы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты және «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған ҚР БҒМ кеңейтілген отырысына Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов қатысты.

22.08.13. Институтта «Қазақстан тарихы» веб-порталы жұмыстарына қатысты мәжіліс болып өтті. Жиналыста ғылыми хатшы А. Ермұхамедова есеп берді, сонымен қатар жұмыс топтарына арнайы міндеттер жүктеді.

pic1

22.08.13. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергеновамен «Қазақстан тарихы» көптомдығының жазылу мәселесі бойынша кеңесті.

pic2

23.08.13. «Президент және халық» газетінің 34(413) санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к. З.М. Төленованың «Ұлы шайқастар картасы» атты мақаласы жарық көрді.

http://pr-hal.kz/?p=10149

23-24.08.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов Астана қаласында өткен мәдениеттер тоғысуының онжылдық инаугурациясы  Халықаралық форумына қатысты.