Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚАЗАҚ ГЕНЕТИКАСЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫН ПРОФЕССОР Р.А. АЛШАНОВ АШТЫ


2023 жылғы 28 ақпанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары директор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдиновтың жетекшілігімен «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанұлы Алшановпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Р.А. Алшанов жиналған қауымға 2021 ж. жарыққа шыққан «Жиырма мыңжылдықтардың құпиялары: ізденістер мен жаңалықтар»кітабын ұсынып, «Қазақтардың генетикалық тарихы» дәрісін оқыды және онда кітаптың негізгі ережелерін тезиспен баяндап шықты.

Аталған жұмыста көптеген елдердің ғалымдары мен мамандарының 20 мың жыл бұрынғы апатты зардаптарға әкеп соққан аса қуатты метеороидтық шабуылдарды ашу бойынша көп жылдық зерттеулердің нәтижелері жинақталған. «Авестаның» ежелгі арийлер мәдениетіндегі ерекше орны, қазіргі Қазақстан аумағындағы Заротуштраның тууы атап өтіледі. Автордың айтуынша, қазақтарда сақталған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, олардың шығу тегі «Авестадан» да көрініс тапқан, мысалы, Наурыз мейрамы, құрбан шалу рәсімдері. Р.А. Алшанов Қиыр Шығыстағы көшпелі топтардың гендерінің ағыны және иран тілді популяциялардың аздаған қосындылары анықталған ежелгі және орта ғасырлардағы жерлеу орындарынан алынған сүйек қалдықтарынан митохондриялық ДНҚ гаплотоптарын зерттеудегі қазақ генетиктерінің жасаған жетістіктерін атап өтті.

Дәріс тарихшылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, тыңдаушылар авторға белсенді түрде сұрақтар қойып, тарих ғылымындағы пәнаралық тәсілдің маңыздылығын біліп отырды. Жиынға қатысушылар автордың қолынан кітап данасынан алып, кітап институт кітапханасына тапсырылды.