Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Құдайбергенова А.И., Ниязханқызы Г. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ 1959-1989 ЖЖ. ХАЛЫҚ САНАҚТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ДАМУЫ


Құдайбергенова А.И.
тарих ғылымдарының докторы, доцент Ш.Ш Уəлиханов атындағы.
Тарих жəне этнология институты.
Ниязханқызы Г.
тарих ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев
атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университеті.

Кеңес дəуірінің күнінің өткеніне де жиырма жылдан аса уақыт өтті. 1917ж. Қазан төңкерісінен 1991 ж. КСРО-ның ыдырауы аралығындағы 74 жылмаркстік-лениндік идеологияға негізделген коммунистік қоғам орнатужолындағы адамзаттың басынан өткізген тарихи тəжірбиесі ретінде дүниежүзілік тарихта қалды.

Дербес мемлекет болған Қазақстанда тарих ғылымының дамуы жаңаарнаға түсіп, қазақ халқының өткені мен өшкенін түгендеуге, жаңғыртуға,тарих ғылымының кенже қалған салаларын дамыту бағытында көптегенжұмыстар атқарылды. Соның бірі – тарихи демография саласына қатысты. Демография мəселелері ХХ ғ. соңынан көптеген ғылыми сала зерттеушілерін қызықтырған нысанға айналса, соның ішінде көші-қон үдерісінің халық құрамындағы сандық жəне сапалық құрамына тигізген əсері тарихи демография саласындағы өзекті мəселелер қатарына енді. Кеңес дəуірі тұсындағы идеологиялық ұстанымға байланысты елдің əлеуметтік-демографиялық ахуалының нақты бейнесінен хабар беретін некелік жағдай, ажырасқандар, туу көрсеткіштері, өлім-жітім мəселелері, олардың өзгерістері, ең алдымен оның этностық ерекшеліктері мəселелерін ғылыми зерттеуден қашқақтаушылық басым болды. Ал, кеңес дəуіріндегі көші-қон үдерісінің жоғары аталған демографиялық сипаттамалардың өзгерістеріне ықпалын көрсету тіпті де мүмкін болмады. Өйткені демографияға таңылған формациялық дамудың марксистік қоғамтанушылық тұжырымдамасы ұлттық жəне жалпы адамзаттық мүддеден көрі таптық мүддеге қызмет етті. Сондықтан, ХХ ғ. Өн бойында қазақ халқы басынан өткізген демографиялық апаттар мен өрлеулердің саяси факторларын ашу ұлттық болмысты сақтап, дамытуда ерекше маңызды.

ХХ ғ. бойы жүрген көші-қон үдерісінің халықтың демографиялық дамуға тигізген əсері ерекше болды. Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, Кеңес заманында да негізінен сырттан келген көші-қоншылар есебінен өсіп,1897 ж. 4147,7 мыңнан 1989 ж. 16464,4 мыңға жетіп, осы 92 жыл ішінде 4 есегежуық көбейген. 1897 ж. Қазақстан халқының 81,7%-ы қазақ, 10,9% – орыс,1,9%-ы украин, 1,3%-ы татар, 1,3%-ы ұйғыр, 0,7%-ы өзбек болса, 1914 ж.қазақтар үлесі 58,8 %, орыстар 29,6 %-ға, өзге ұлттар 11,6 % болып, ұлттық көші-қон үдерісінің нəтижесінде 1959 ж. санақта тарихи отанында азшылыққаайналу үрдісінің төменгі мөлшерінее жетті – 29,7%. Қазақтар өз отанындаазшылық ұлтқа айналды. Соның ішінде осы көрсеткіштің 1959-1989 жж.ерекшеліктерін талдап көрейік.

1959-1970 жылдары Қазақстанға сырттан келушілердің көші-қоны аздапсаябырлай бастады. Бұл кезеңде көші-қон айырымында кері айырымболмағанымен, көші-қон қозғалыстары бəсеңдей бастады. Сырттан қазақтардыңкелуі оқиғалары осы кезеңде орын алды. Бұл кезеңде қазақтардың табиғи өсімін көтерген «демографиялық жарылыс» деп тарихта аты қалған туукөрсеткіштерінің күрт өсуі тұрғылықты ұлттың мөлшерін 2,9 пунктке ғанакөтерді. Қазақ жеріндегі қазақтар үлесі 1970 ж. 32,6%-ға жетіп, халыққұрамында азшылық ұлт мəртебесін жоя алмады.

Кеңестік жүйенің алғашқы қырық жылы ішінде республика халқымеханикалық қозғалыс негізінде өссе, ендігі өсім табиғи қозғалыс арқылыжүзеге асырылды. 1955-1970 жж. Қазақстан халқы 8,3 млннан 13,2 млнға өстінемесе 15 жыл ішінде 5,5 млнға көбейген. Қала халқының өсу қарқыны тіптіжоғары – 15 жылда екі еселенген. 3368 мың адамнан 6725 мыңға немесе199,7%-ға өскен [1]. Қазақстанға көшіп келушілерден гөрі көшіп кетушілердіңбасым бола бастауы 1970-жж. басталғанымен, республика халқының санытабиғи өсім (қазақ, өзбек, ұйғыр жəне т.б. тұрақты тұрғындар есебінен)нəтижесінде 1980-жж. аяғына дейін өсе түсті. Осы жылдар арасында 1.675.5мыңға, яғни 12,9%-ға көбейді. 1989 ж. халық санағы бойынша Республикадақазақтар-39,7%, орыстар – 37,8%, украиндар – 5,4%, белорустар – 1,1%,немістер – 5,8%, татарлар – 2,0%, өзбектер – 2,7%, ұйғырлар – 1,1%,корейліктер – 0,6%, əзірбайжандар – 0,6%, басқа ұлт өкілдері – 3,8% еді.

1959-1979 жж. қазақ халқының демографиялық тарихында «алтын кезең»деп бағаланады. Бұл кезеңнің ішінде XX ғ. бірнеше демографиялық апаттыкезеңдерден кейінгі жағымды құбылыс – 1958-1962-жж. Демографиялық«жарылыс» орын алды. Осы жылдары республика тарихыңда табиғи өсім еңжоғары көрсеткіштерге жетті: 1960 ж. дүниеге 371,8 мың сəби, əрбір 1000адамға шаққанда 37,2 сəби, ал ең көп сəби туылған 1961 ж. 377 мың сəбикелген, əрбір мың адамға шаққанда 36 сəби, 1960 жылмен салыстырғаңда 1000адамға шаққаңдағы үлесі төмен болғанымен өлім-жітіммен салыстырғандағыайырым есебінен 308,4 мың адамдық оң айырым көрсетіп, табиғи өсімде осыжиырма жыл ішіндегі ең нəтижелі жылы болды. Осы жылдардағы өлім-жітімгекелсек, 1960 ж. табиғи өсім 306,2 мың адам болса [2], 1961 ж. 2,2 мыңға төменкөрсеткіш көрсетті. 1958-1962 жж. демографиялық дүмпуден кейін республикабойынша туу азайып, өлім-жітім өсе бастады. Бала туудың ең төменгікерсеткіші 1968 жəне 1969 жж. келеді, бұл жылдары, тиісінше, 302 мың жəне302,2 мың сəби дүниеге келіп, 74,3 мың жəне 79,5 мың адам дүниеден өткен,табиғи өсім 1968 ж. 227,7 мың, 1969 ж. 222,7 мың [3] адамды құраған, бұл еңтөменгі көрсеткіш, сонымен қатар əрбір мың адамға шаққандағы ең төменгіүлесі де төмен – 23,4 сəбиден келген. Осы екі санақ аралығында республикахалқы 1959 ж. – 9294741 адамнан 1970 ж. – 13008726 адамға жетіп, халықтыңжалпы саны 3713985 адамға өскен, өсім 39,9% табиғи өсім 1960-1969 жж.аралығында 2639100 адамға өскен. Қазақ этносы осы кезенде 1446,9 мыңадамға, яғни 51,9%-ға өскен, орташа жылдық өсімі 131532 адам, ал республикатұрғыңдары табиғи өсімнің есебінен жылына 258 мың адамға өсіп отырған,республикадағы үлестік салмағы 1959 ж. – 30%, 1970 ж. – 32,5% құрайтынқазақтар, осы он жылда республика тұрғындарының жалпы өсімінің З8,96%-ынберсе, қалған этностар 61,04%-дық өсім берген, əрине бұл республика көлемінде қазақ этносының санының жəне үлестіксалмағының тез өсуіне жайлы демографиялық ахуалдың туыңдауына жол ашты. Осы кезеңнің қазақтар үшін тағы бір жайлы ерекшелігі, 1970 ж. санақ бойынша, он жасқа дейінгі қазақтар саны 1574972 адам [4] болып, республикадағы қазақтардың 37,2%-ын, ал республикадағы сол жастағылардың 47,9%-ын, ал, қазақтарды қосқанда республика халқының 25,2%-ын (3284863 адам) құрады. Болашақтағы қазақ халқының демографиялық өсу əлеуетінің негізі 1950-1960 жж. Демографиялық дүмпу кезінде қаланды деп пайымдауға толық негіз бар [5].

Одан кейінгі 1970-1991 жж. көші-қонның ерекшелігі сонда, ХХ ғ. өн бойында сырттан келуші көші-қоншылардың қозғалысы осы уақытқа дейін ішке бағытталса, 1968-ж. бастап Қазақстанға өзге республикалардан келушілер саны азайды. Бұл 1970 ж. санақта көрінді. Көші-қон үдерісі халық санының өсіміндегі шешуші рөлінен айрыла бастады. Қазақстандағы ХХ ғ. басынан жалғасқан көші-қон үдерісінің қарқыны бəсеңдей бастады, бағыттары Қазақстаннан кері қарай бұрылды. Бірақ əлі де жоспарлы түрде қоныстандыру жəне басқа да мемлекеттік шаралар негізіндегі көші-қон үдерісі жалғасып жатты. Соған қарамастан осы кезді сонау ХІХ ғ. ортасынан Қазақстанға қарай ағылған көші-қонның бағыты кері бұрылу межесі деп алуға болады. РКФСР-ден басқа одақтас республикалармен көші-қон айырбасында теріс айырым көріне бастады. Оған себеп болған факторлар – ұлттық сана сезімнің оянуы, халық шаруашылығында ұлттық мамандар үлесінің өсе бастауы жəне т.б. Бұл кезеңде Қазақстан халқының демографиялық мінез-құлқында да өзгерістер жүрді. Көп балалы отбасыдан аз балалыққа өту, бала тууды сандық жағынан реттеуге негізделген бағыт осы кезеңнен бастау алды.

1970-1979 жж. алдыңғы он жылмен салыстырғаңда көптеген позициялар төмендеді. Екі санақ мəліметтері бойынша, 1970 ж. 306,6 мың сəби дүниеге келіп, 78,4 мың адам дүниеден өткен, табиғи өсім 228,2 мың адам, əрбір мың адамға шаққанда 23,4 сəби дүниеге келіп, 6 адам дүниеден өткен, табиғи өсім 17,4 адам, осы онжылдықтың соңғы он жылы 1979 ж. – 354,3 мың сəби дүниеге келіп, 113,7 мың адам дүниеден өткен, табиғи өсім 240,6 мың адамды құрады [6].

1970 ж. салыстырғанда 12,4 мынға ғана артық, ал енді осы көрсеткіштерді əрбір мың адамға шаққанда 24 сəби дүниеге келіп, 7,7 адам дүниеден өткен, табиғижылда жылына орташа 239,6 мың адамнан өсіп отырған, алдыңғы он жылдық көрсеткіштен жылына 18,4 мың адамға төмен. Осы онжылдықта республика халқы 13008,7 мың адамнан 14684,3 мың адамға жетіп, жалпы өсім 1675559 адам, яғни 12,9%-ға ғана өскен. Ал қазақтар осы кезеңде 1055183 адамға, яғни 24,9%-ға өскен, бұл республика тұрғындарының жалпы өсімінің 63%-ы, қазақтардың республикадағы үлесі 32,5%-дан 36%-ға көтерілді [8]. Қазақтардың осы онжылдықта табиғи өсімі алдыңғы онжылдықпен салыстырғаңда баяу болғанмен, республикалық көлемде нəтижесі əлі де жоғары болды. Бала туудың баяулауының басты себептері: республика халқының əлеуметтік-демографиялық салт-санасының өзгеруі, яғни көп балалы отбасыдан, бала тууды сандық жағынан реттеуге бағыт осы кезеңнен бастау алған жəне де бала туудың төмендеуінің түп-тамыры Ұлы Отан соғысына дейінгі жəне соғыс кезеңіндегі халықтың демографиялық құрылымының жайсыздығы, яғни, 1960 жылдың басынан некелік қатынасқа сол жылдары туылғандар түсе бастады, ал олардың сандық үлесі өте төмен болатын, 20-29 жастағылар 1959 ж. 18,6% болса, 1970 ж. 13,2% болды, ал қазақтар 1970 ж. 7,2 %-ын құраған [9].

Қазақтардың соғыстың қарсаңы мен кезеңіңде туылғаңдардың үлестік салмағының өте төмен болуы, халқымыздың табиғи өсімінің баяулауына жəне жалпыреспубликалық өсімнің төмендеуіне өз ықпалын айтарлықтай тигізгендігін халық санының 1970-1979 жж. аралығындағы өсімі айғақтайды. Республика бойынша 1959-1970 жж. аралығында табиғи өсімнің жоғары болуының тағы бір басты себебі, тың жəне тыңайған жерлерді игеру мақсатыңда республикамызға қоныс аударғандардың басым көпшілігі табиғи өсімді бере алатын жастағы жас жігіттер мен қыз-келіншектер, негізінен 20-35 жас аралығындағылар. Міне осы себептер халықтың табиғи өсімінің өсуінің негізгі факторлары. Қала мен ауылдың əлеуметтік-тұрмыстық деңгейінің əркелкілігі де табиғи өсімге өз ықпалын тигізіп отырды, Түрғындардың осы екі тобының арасалмағы жəне үлесін саралау мақсатында 1960-1979 жж. туылған сəбилер мен дүниеден өткен адамдардың жалпы есебі негізіне сүйене отырып жəне оны негізгі үш санақ мəліметтері бойынша жалпы республикалық, қала мен ауыл-село топтамасына бөлгенде мынандай нəтижелер керсеткен: осы жиырма жыл аралығында қала тұрғындарының үлесі 10 %-ға көтеріліп, ауыл-село тұрғындарының үлесі керісінше 10 пайызға азайған. Республикамыздың негізгі этносы қазақтардың үлестік салмағы ауыл-селода басымырақ, яғни республикадағы қазақтардың жалпы санының 1959 ж. – 75,7%, 1970 ж. – 73,7%, 1979 ж. – 69,1% аумағыңда мекен еткен, ал басқа этностармен салыстырғанда ауыл-селодағы үлестік салмағы 1959 ж. – 40,3%, 1970 ж. – 48,2%, ал 1979 ж. – 53,5% дейін өскен. Жалпы қазақтар арасындағы үлестік салмағы кемігенмен, басқа этностармен салыстырғанда 13,2%-ға өскен, яғни ауыл-село қазақтарының табиғи өсімі өте жоғары болды деп пайымдауға негіз бар.алатын болсақ, ең нəтижелі 1961 ж., қалаларда 143,2 мың (38 %), ауылда 233,8 мың (62 %) сəби дүниеге келген, өлім-жітім: қалаларда 33,0 мың (48,1 %) ауылда-35,6 мың (51,9 %) адам. Табиғи өсім көрсеткішінің ең төменгі нəтижелі жылы – 1969 ж. қалаларда – 125,2 мың (41,4 %), ауылда – 177,0 мың (58,6 %) сəби дүниеге келген, өлім-жітім: қалаларда 43,1 мың (54,2 %), ауылда 36,4 мың (45,8 %) адам. 1960-1969 жж. тұрғындардың табиғи өсімінің жалпы саны төмендегідей: қалаларда 1282,2 мың (38,3 %), ауылда – 2063,3 мың (61,7 %) сəби дүниеге келіп, қалаларда – 356,6 (50,5 %), ауылда – 349,8 мың (49,5 %) адам дүниеден өткен. Табиғи өсім: қалаларда – 925,6 мың (35 %), ауылда – 1713,5 мың (65%) адам [10]. Жоғарыдағы көрсеткіштерді негізге ала отырып пайымдасақ, табиғи өсімнің негізгі салмағын осы онжылдықта ауыл-село тұрғындары есебінен құраған. Қала тұрғындарының табиғи өсімін төмендететін фактордың бірі өлім-жітімнің артуы, оның негізгі себептері жас топтары бойынша жасы ұлғайған адамдардың санының артуы, 1959 ж. 55 жастан асқандар 398255 адам (9,8 %) болса, 1970 ж. 744818 адамға (11,4 %) көтеріліп, 2,4 пунктке өскен, ал ауыл-селода 1959 ж.- 649631 адамнан (12,4 %) – 1970 ж. – 794044 адамға (12,3 %) жетіп, үлестік салмағы 0,1 пунктке кеміген. Қала тұрғындарының саны осы он жылда 2471428 адамға, яғни 1959 ж. салыстырғанда 60,8 пайызға өскенмен, жалпы сəби туу коэффициенті əрбір мың адамға шаққанда 1960 ж. 31,6 адамнан 1969 ж. – 19,4 адамға дейін, яғни 12,2 пунктке кеміген, осы факторлардың барлығы қала тұрғындарының табиғи өсімін 1960 ж. əрбір мың адамға шаққандағы 24,5 адамнан 1969 ж. – 12,7 адамға дейін төмендетті.

1959-1970 жж. урбанизацияның жоғары қарқыны негізінен ауыл халқының қалаларға көші-қоны мен 60-жылдары көптеген ауылдарды (70 ірі ауылды) қала типтес поселкалар қатарына жатқызуы есебінен жүрді. Шындығында ол поселкалар қарапайым ауыл болып қала берді. Өнеркəсібі жылдам дамушы аудандарда көші-қон интенсивті түрде жүрді. Əсіресе бұл тау-кен, металлургия жəне машина жасау өнеркəсібі дамыған аудандарға қатысты. Бұл жерлерге ауылдардан келген көші-қоншылар мамандық пен білім алуда бірқатар артықшылық жағдайларға ие болды.

Сонымен бірге, өнеркəсіптік қалалар ірі құрылыс орталықтары бола отырып, қажетті мəдени-тұрмыстық кешенге ие болды. Бұл да ауылдық жерлерден, əсіресе жастардың қалаларға көші-қонын белсендірді. Қазақтардың урбандалу үдерісіне келсек, 1970 ж. санақ бойынша қала халқының құрамындағы қазақтардың үлесі 17,2% болды. Ерекше Атырау мен Қызылорда облыстарының урбандалу көрсеткіші жоғары болды (тиісінше, 56% жəне 51%). Урбандалу көрсеткіштерін төмендеу ретімен салыстырсақ, онда Манғыстау (34,6%), Ақтөбе (26,1%), Жамбыл (17,7%), Алматы (15%), Шығыс-Қазақстан (13,9%), Павлодар (12,4%), Батыс Қазақстан (12,1%), Ақмола жəне Қарағанды (11,6%-дан) облыстары, содан соң Солтүстік Қазақстан облысы(7,9%) қазақтары тұр. Қазақтардың урбандалуының ең төменгі көрсеткішін Қостанай (5,6%) жəне Оңтүстік Қазақстан (2,6%) облыстары көрсетті. 1970-1979 жж. қазақтардың урбандалу көрсеткіші 3,7 пунктке көтеріліп, 20,9% болды. Барлық қалаларда бұл көрсеткіш өсті, əсіресе, Оңтүстік Қазақстан облысында қала халқының құрамындағы қазақтар үлесі 12,1 есе өсіп, 31,4%-ды құрады. Бұдан кейінгі жылдары да қазақтардың урбандалу үдерісі жылдам жүрді. Халық санының динамикасына көші-қон үдерісінің əсері ерекше болды. Егер 1970 жж. басына дейін Қазақстан халқы негізінен көші-қон есебінен өссе, 1970 жж. бастап көші-қонда кері айырым үстем бола бастады. 1959-1989 жж. Қазақстан халқының өсімінің 20%-ы сырттан келгендердің (740 мың адам) көші-қоны арқасында болды. Ал, 1970 ж. кері қайтқандар саны 35 мың адам болса, 1985 ж. 95 мың адам болды. 1970-1990 жж. Қазақстаннан Ресейге, Украинаға, Белоруссия мен Прибалтика республикаларына көші-қон есебінен республика 1,5 миллион адамынан айрылды. Кезеңнің соңына қарай КСРО-дан тысқары шетелге кеткендер саны да өсе бастады. 1979-1989 жж. Қазақстанға 5 521 912 адам келіп, 4910 939 адам кетті, көші-қон айырымы 610 973 адамды құрады [11].1989 ж. тек Шығыс Қазақстан облысы ғана көші-қонда 0,6 мың адамдық жағымды айырым көрсетті. Ал, Жамбыл, Павлодар, Шымкент облыстарынан кеткендер саны көп болды. Көпшілігі РКФСР-ге 20,5%-ы, Украинаға 2,0%-ы кетті. Кеткендердің 67,7%-ы қалалардан кетті. Əсіресе, немістер, орыстар, украиндар жəне белорустар кетіп жатты. Сонымен бірге 1989 ж. бастап Қарақалпақстаннан, Өзбекстаннан, Түркімениядан жəне Ресейдің жекелеген аймақтарынан қазақтардың келуі белсендірілді, сондай-ақ, РКФСР мен Орта Азиядан қырғыз, өзбек жəне түркімендердің келуі байқалды [12 ].

1980-жж. соңында көші-қонның жаңа бағыты – халықаралық көші-қон қалыптасады, ал 1990-жж. басында ол Қазақстан халқының саны қысқаруының аса маңызды факторына айналады. 1970-1989 жж. Қазақстан халқының саны 13 008 726 адамнан 16 464 464 адамға дейін өсті. Халықтың абсолюттік өсімі 1 136 262 адамды құрады. 1959-1989 жж. Қазақстан халқы 77 %-ға өсті. Оның есесіне өсім қарқындары баяулады, егер 1970 ж. 1959 ж. қарағанда өсім 140 %-ды құраса, 1979 ж. 1970 ж. қарағанда 113%-ға, ал 1989 ж. 1979 ж қарағанда 112%-ға көтерілді. 30 жыл ішінде республика халқының орта есептік жылдық өсімі (1959-1989 ж) 239000 адам санын құрады. 1970-1989 жж. халық өсімі 27% құрады. 1970-1979 жж. сəбилердің дүниеге келуі төмендегенімен, қалада бірқатар өсім байқалып, ал ауылдарда тұрақтағандық байқалды, табиғи өсім қалада көтеріліп, ауылда азайған, алайда 1961 ж. көрсеткішіне республиканың жалпы тұрғындар саны 58 %-ға өссе де, жете алмай, тіпті 22,7 мың адамға кем нəтиже көрсетті, өлім-жітім саны 113,7 мыңға жетіп, 1960 ж. салыстырғанда 73,3 %-ға көтерілді, яғни өлім-жітім түрғындар санының өсуінен, 15,3 пунктке жоғары, дегенмен де табиғи өсім республика халқының баяу болса да өсімін қамтамасыз ете алды. Қалада сəбилердің дүниеге келуі 1970-1979 жж. 38,0%-дан 45,7%-ға_ дейін көтерілсе, ауылда 61,7 %-дан 54,3 %-ға төмеңдеген, өлім-жітім деңгейі қалада 50,5%-дан 54,9 %-ға көтеріліп, ауылдық жерлерде 49,5%-дан 45,1%-ға дейін төмеңдеген; табиғи өсім қалада 35%-дан 42,1%-ға дейін өсіп, ауылдарда 65 %-дан 57,9 %-ға дейін төмендеген. Қалалардағы нəрестелердің дүниеге кебірек келуінің себептерінің бірі, қала түрғындары осы онжылдықта 1382 мың адамға (артқан, яғни 21,13% %-ға өскен, ал ауыл-село тұрғындары 293 мың адамдық несеме 4,5%-дық өсімді құраған. Қала тұрғындарының сандық өсімі негізінен ауыл тұрғындарының есебінен артса, екінші факторы қалалар мен қала типтес поселкелердің санының 1970 ж. 254-тен 1979 ж. 281-ге дейін есуі, оның ішіңде 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалалардың саны 15-тен 18-ге дейін өсті, 27 елді мекен қала мəртебесін алып, тұрғындары қала халқы есебіне ауысты [13]. Өлім-жітім деңгейі қалаларда осы он жылда 4,4 пунктке өскен, оның басты себептерінің бірі қала тұрғындарының жас топтары бойьшша алатын болсақ жасы үлғайғандардың үлестік салмағының 11,4 %-дық деңгейде сақталуы, ал ауылда бұл үлес 10,9%-ды құрап, тағыда 1,4 пунктке төмендеген, ауыл- селодағы бұндай арасалмақ дүниеге келген сəбилердің көп болып, табиғи өсімнің əлі де болса жоғары болуынан. Ауылдағы өлім-жітім негізінен бір жасқа дейінгі сəбилердің шетінеуінің елі де жоғары болуынан деп пайымдауға болады, оған дəлел мына салыстырмалы көрсеткіштер: 1975 ж. республика бЬйынша 101,9 мың адам өлген олардың 54,6 мыңы қала тұрғындары, 47,3 мыңы ауыл-село түрғындары, соның ішінде 13,3 мың сəби шетінеген, орташа пайыздық үлесі 13, оның 5,2 мыңы (9,5 %) қала түрғындары, 8,1 мыңы (17,1) ауыл халқы. Əрбір дүниеге келген мың сəбидің республика бойынша 38,8 шетінеген, қала тұрғындарынан 33,3 сəби, ауыл түрғындарынан 43,2 сəби, айырмашылығы 9,9 сəби. Айырмашылық өте елеулі, сəбилердің кеп шетінеуі ауыл тұрғындарының табиғи өсім деңгейін төмендетуінің басты себебінің бірі болды. Қазақтар 1959-1979 жж. 2502 мың адамға көбейген (89,8 %), ал республика халқының жалпы өсімі 58%. Яғни, осы жиырма жылда табиғи өсімнің негізгі салмағы қазақ этносы есебінен жүзеге асқан деп пайымдауға болады, яғни 1961 ж. республика бойынша 36,0‰ болса, қазақтар арасында 44,4‰, 1965 ж. – 29,9‰ болса, қазақтарда 37,2‰, 1970 ж. 23,4‰ болса, қазақтарда 31,3‰ болған. 1970 ж. бастап бала туу тұрақтап, қартаю үдерісінің етек алуына байланысты өлім-жітім өскен. Осы кезеңді əлеуметтік-экономикалық дамудың ықпалының нəтижесінде бала тууды реттеуге бағыт алған кезең деп қарастыруымызға болады. Себебі, əйелдердің бала туу мүмкіндігі бар жастағылары да 34 жастан асқаннан кейін бала тууды шектей бастады. Осы жиырма жылда бала туудың жиынтық коэффиценті республика бойынша 1,378 пунктке төмендеген. Əйелдердің барлық жас топтары бойынша барлық көрсеткіштер азаю бағытына бет алған, тек қана 20 жасқа дейінгі əйелдердің 1975 ж. бастап бала туу көрсеткіші көбейген, соның өзінде де 1958- 1959 жж. салыстырғанда 22,1%-ға азайған. Бала туудың негізгі салмағын 20-24 жас аралығындағы əйелдер берген, 1958-1959 жж. осы жастағы əйелдер барлық босанғандардың 26,2% болса, 1978-1979 жж. 32,8%, яғни 6,6 % өскен, яғни осы жас тобыңдағы əйелдер негізінен бірінші жəне екінші балаларын босанатындар. Жалпы алғанда 15 пен 29 жас аралығындар 1958-59 жж. 58% құраса 1978-1979 жж. 66%-ға жетіп 8 пунктке өскен, сонымен 30 жастан жоғары жастағы əйелдердің бала туу деңгейі төмендеді деген сөз, яғни бұл 4 жөне одан кейінгі сəбилердің дүниеге келуінің азайғандығын айғақтайды. 1980 ж. дүниеге келген 356 мың сəбиінің 117,6 мыңы, үшінші жəне одан кейінгі туылған сəбилер, бұл сол жылы дүниеге келген сəбилердің 33 %-ы [14].

Қазақ əйелдерімен орыс əйелдерінің жас топтарын салыстыратын болсақ, қазақ əйелдерінің жас топтары бойынша бала туу көрсеткіштері жоғары, атап айтқанда: 20-24 жастағылар 1,3 есе, 25-29 жастағылар 2,5 есе, ал 30-34 жастағылар 4 есе жоғары, орыс əйелдерінің ең нəтижелі жасы 20-24 болса, қазақ əйелдерінің 30-34 жастағылар көрсеткіші өте жоғары, бұл нəтижелерді тұжырымдасақ орыс əйелдері негізінен 1-2 баламен шектеледі деген сөз, ал қазақ əйелдерінде 4 жəне одан кейінгі реттегі балалардың дүниеге келуі басым деп тұжырымдауға болады. Тағы бір ерекшелікке аса назар аударған жөн сияқты, қазақтар басым тұратын Шымкент, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Гурьев, Маңғыстау облыстарында бала туу жалпы республикалық көрсеткіштен жоғары. Республика бойынша 1970 ж. əрбір мың адамға шаққаңда 23,4 сəби, 1980 ж. 23,9 сəби дүниеге келсе, Шымкент облысында жылдарға сəйкес, 29,8 жəне 29,5; Қызылорда облысында 28,9 жəне 30,6; Маңғыстау облысында 29,5 жəне 27,7; Гурьев облысында 28,8 жəне 27; Ақтөбе облысында 26,7 жəне 25,6; Жамбыл облысында 26,6 жəне 26,1 сəби дүниеге келген. Ал орыс ұлты басым тұратын облыстарда керісінше: Шығыс Қазақстан облысында 18,7 жəне 20,1; Қарағанды облысында 17,8 жəне 18,9; Солтүстік Қазақстаң облысында 20,1 жəне 21,4 сəби дүниеге келген, басқа да қазақ этносы аз тұратын облыстарда да нəтижелер осы деңгейде [15]. 1960-1970 жж. қазақ халқында бала туудың азаюын жалпы алғаңда орынды құбылыс деп атауға болады. Қазақ халқының əлеуметтік-демографиялық дамуы өзінің есейген кезеңіне өтті. Қазақ халқының қарастырып отырған кезендегі бала тууының деңгейі, əлі де ұзақ уақыт қазақ халқының тез қарқынмен өсіп- өнуін қамтамасыз ете алады. Бұл жылдары қазақ халқының өсімі, көптеген басқа ұлттардан біршама жоғары болған. Бұл үдерістің басты себептері ғылыми баспа беттеріңде кең көлемде баяңдалған, яғни қазақ халқының бұдан бұрынғы жылдармен салыстырғанда тұрмыстық əл-ауқатының артуы, дəрігерлік қызметтердің жақсаруымен жəне т.б. себептермен, адамдардың орташа өмір сүру жасының ұзаруымен байланысты. Қазақтар үлесі, əсіресе 1970-1979 жж. аралығында қарқынды өсті, бұл кезеңде орыстар, украиндар жəне т.б. ұлттардың үлес салмағы алдағы жылдарға қарағанда кему үрдісіне көшті.

Жалпы, осы кезенде қазақ халқының басқа ұлттармен салыстырғанда абсолюттіөсуі негізінен сан жағынан қалпына келіп, оның ішкі құрылымдарының өсу динамикасына бастау алған кезең деп толықтай пайымдауға болады. 1959-1979 жж. қазақ халқының күрт көбеюі оның табиғи өсіміндегі жақсы нышандармен тікелей байланысты. Өсім қарқыны ішкі факторлардың дүмпуімен, яғни бала туудың өсуі, адам өмірінің ұзаруы жөне өлім-жітімнің төмендеуі нəтижесіңде қамтамасыз етілді. 1970-1989 жж. аралығында республикада орын алған урбанизацияның жоғары деңгейін атап өтуге мүмкіндік беретін қалаға көшу өсімі айтарлықтай болғаны байқалады. Яғни, 19 жылдың ішінде Қазақстанда қала халкының саны 7% пунктқа көтеріліп, 57%-ды құрады. Қала халқының өсуі республика халқының жалпы саны бойынша сəйкес көрсеткіштерді басып озды. Урбанизация үдерісінің нетижесінде ол 1970-1979 жж. – 8,2 жəне 1979-1989 жж. – 6,6 %-ға өсті. Республиканың барлық аймақтарында қала халқының саны өсті. 1970-1989 жж. аралығында Алматы қаласында (388 мың адам), Павлодар (263 мың адам), Шымкент (238 мын адам), Қарағанды (195 мың адам), Қостанай (186 мың адам), Жамбыл (173 мың адам), Маңғышлақ (1514 мың адам) облыстарында біршама өсім бары байқалды. Сондай-ақ, əсіресе Маңғышлақ (111%), Павлодар (77%), Торғай (77%), Орал (69%) облыстарында да өсімнің күшті үлғайғаны, ал Алматы, Жамбыл, Қызылорда (əрқайсысында 55%) облыстарында жақсы болғаны байқалды. 1970-1989 жж. кала халқының ішінде қалалық мекендердің өсімі артқандығын атап өту керек. 19 жыл ішінде қалалық мекендер саны 40-қа, немесе 16%-ға ұлғайды, оның ішінде қалалар 8%, (6-ға, 78-ден 84-ке дейін), қала типтес поселкелер 19% (34-ке, 176-дан 210-ға дейін) өсті. Статистикалық мəліметтердің талдауы көрсеткендей қалалық мекендердегі қалалардың үлесі 1970 ж. – 31%, 1979 ж. – 30%, 1989 ж. – 29% құрады. Сол уақытта қалада тұратындардың саны қалалық мекендер тұрғындарының жалпы санынан (тиісінше жылдар бойынша) 81%, 84% жəне 85%-ды құрады. Сонымен қатар сол уақытта республикада қала тұрғындарының шоғырлану деңгейінің артты. Мысалы, 1970 ж. 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалалық мекендерде 53,6 % қала тұрғындары тұрса, 1989 ж. бұл көрсеткіш 62% құрады. Тиісінше 10 мыңнан 100 мыңға дейін халқы бар, орта қалаларда 35,3 % жəне 29%, ал кіші (10 мыңға дейін халқы бар) жəне қала типтес поселкелер 11,1% жəне қала тұрғыны 9% құрады. Халықтың жастық-жыныстық құрамы арақатынсына келсек, 1970-1989 жж. ерлердің өсу қарқыны əйелдерге қарағанда 3 %-ға төмендеді (тиісінше 43-46% болды). Қазақстан тұрғындарын орналастырудың өсім көрсеткіштерін айта отырып, 1979-1989 жж. аралығында жұмысқа жарамды адамдар саны өсуі мен жұмысқа жарамды жас адамдардың саны төмендеуі байқалынды. Қала тұрғындарының арасында жұмысқа жарамды адамдар саны 1970 ж. – 56%, 1979 ж. 60,6%, ал 1989 ж. 58 %-ды құрады. Жұмысқа жарамды ересектеулері 9,8 %, 10,4 % жөне 11,8 % сəйкес, жұмысқа жарамды жастаулары 34,2%, 29,0% жəне 30,2 %. Айтылған жайттың барлығы қаралған тарихи кезеңде жұмысқа жарамды ересектеу адамдардың өскенін көрсетеді. 19 жылда осы жастағы топтың, өсуі 73% құрады, яғни екі топтың өсімі 29,9% жəне 47,8 % құрады.

Халықтың əртүрлі жастағы топтарын жынысы бойынша талдасақ, 1979-1989 жж. ер жəне əйелдердің еңбекке қабілетті жастағыларының үлесі,тиісінше, 1979 ж. 35 жəне 31,5 %-дан бастап, 1989 ж. 32% жəне 28 % болыпазайғанын атап айту қажет.

Қазақ этносының 1959-1989 жж. туылғандары 1999 ж. 20-40 жасаралығындағылар республика халқының 2709,2 мың адамы (34 %), өз кезегінде20 жасқа дейінгі 3504,5 мың адамның (43,9 %) ата-аналары [16], барлығыреспублика қазақтарының 77,9 %-ы 40 жасқа дейінгі азаматтар қазақэтносының сандық жəне сапалық өсуінің қайнар көзі болды.

Қазақстанның демографиялық дамуы бүкіл əлем халқының дамуыныңнегізгі үрдістерімен сəйкес келеді. Алайда, жекеленген демографиялықжағдайлар республиканың əлеуметтік – экономикалық жəне демографиялықдаму ерекшелігіне, соның ішінде ұлттық құрамының өзгерістеріне негізделгенерекшеліктерге байланысты болады. Ең алдымен, қоғамдық өмірдің барлықсалаларында жүргізілген қайта құрулардың бастапқы əлеуметтік-экономикалықжəне тарихи-демографиялық шарттарын негізге алсақ, экономиканың көпукладтығы, əлеуметтік-экономикалық, саяси қайта құрулардың əркелкіуақыттарда жүргізілуі рухани өмірдегі бірнеше ғасырлық əдет-ғұрыптардыңберіктілігі – бəрі демографиялық дамуға жəне халықтың даму қарқындарыныңбір типтес ұдайы өсіп өнуінен 2-түрге көшуінің ерекшеліктеріне əсер етпейқоймайды. Қазақ халқының демографиялық дамуы қоғамдық дамудың дəстүрлікезеңіндегі əлеуметтік-экономикалық, саяси қатынастардың нақты əсерінеұшырады. Бұл, əсіресе, тұтастай ғасыр бойында жүргізілген оқиғалардыңтарихи тəжірибесінің жиынтығында анық көрінеді. Қазақ халқының қоғамдықдамуының дəстүрлі кезеңіне туудың да, өлімнің де жоғары көрсеткіштерісəйкес келеді. Ал, дамыған елдерге келсек, экономикалық даму дəрежесіжоғары болғандықтан, негізгі белгісі – бала санын шектеу болып табылатынхалық өсіп өнуінің қазіргі түрі қалыптасқан. Қазақстан ХХ ғ. 90-жылдарынанß™¦_hкейін бала санын шектеу негізінде аз балалық кезеңге аяқ басты. Яғни,жеделдетілген əлеуметтік-демографиялық даму тұжырымдамасын қазақтардыңтарихи өсіп-өну, даму тəжірбиесінде көруге болады.

 

Пайдаланған əдебиеттер:
1. ҚРОММ. 1987-қор, 1-тізбе, 312-іс, 1-п.
2. Демографический ежегодник Каз ССР1989 г. – Алма-Ата, 1990. – С. 17
3. Демографический ежегодник КазССР 1989 г. – А., 1990. – С. 17.
4. Итоги Всесоюзной переписи населения 1970. Т. ІУ. – С. 372. – М. 1973
5. Қазиев С. 1959-1979 жж. демографиялық процестің кезеңіндегі
қазақтардың сандық қүрылымына ықпалы // Отан тарихы. – 2001. – №3.
6. Итоги Всесоюзной переписи населения, Т. 2. – С; 32-33.
7. Демографический ежегодник Каз ССР 1989 г. – А., 1990 – С. 17-18
8. Итоги Всесоюзной переписи населения 1989 – А., 1990. – С. 10
9. Статистический сборник 1939-1989 гг. – А., 1991. – С. 7.
10. Итоги Всесоюзной переписи населения 1970 г. Т. 2. – С. 32-33; Т.4. – С. 378.
11. Рассчитано по материалам текущего архива Государственного комите-
та по статистике и анализу РК. Ф.698. Оп.14. Д.4, Л.70
12. Козина В.В. Социально-демографические процессы в Казахстане в межпе-
реписной 1979-1989 гг. период: автореф. … к.и.н. – Алматы, 1994.- С. 14-15
13. Итоги Всесоюзной переписи населения 1970 г. Т. 1. – С. 20-21.
14. Статистический ежегодник Казахстана в 1990 г. – С. 39. – А., 1991.
15. Региональный статистический ежегодник Казахстана. – А., 1991. – С. 84.
16. Национальный состав населения РК. Т. IV. – А., 2001. – С. 13.

 

Жарияланды: Materiаly IX mezinаrodní vеdecko – praktickа conference«Dny vеdy – 2013». – Díl 14. Historie: Praha. Publishing House«Education and Science» s.r.o – 112 stran (50-60)