Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 26.08-01.09.13


27.08.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к. С.А. Асанова Алматы қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстан Республикасының Конституциясы – «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың  берік негізі» атты конференцияда «Қазақстанның заңнамалық жүйесі дамуының негізгі кезеңдері» тақырыбында баяндама жасады.

27.08.13. Директордың ұйымдастыру және коммерциялық істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова Конституция күніне орай Ғылым Ордасында өткізілген «Конституция – ел дамуы мен гүлденуінің мызғымас негізі» атты дөңгелек үстелге қатысып, сөз сөйледі.

28.08.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева №4 қалалық кітапханада өткізілген «Конституция – тұрақтылық пен патриотизмнің негізгі тірегі» атты дөңгелек үстелде «Қазақтың Ата Заңының бастаулары мен қайнар көздері» тақырыбында баяндама жасады.

28.08.13. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Ж.Ж. Несіпбаева №4 қалалық кітапханада өткізілген «Конституция – тұрақтылық пен патриотизмнің негізгі тірегі» атты дөңгелек үстелде «ҚР конституциялық құқығының бастамасы: тарихи көзқарас» тақырыбында баяндама оқыды.

29.08.13. «Вечерний Алматы» (№110) газетіне Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к. С.А. Асанованың «Конституция гарант стабильности» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

http://www.vecher.kz/node/23894

29.08.13. «Президент және халық» (№35 (417) газетіне директордың ұйымдастыру және коммерциялық істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смагулова «Ұлт тарихына қажетті деректер» тақырыбында мақаласы жарық көрді.