Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


2

Құрметті әріптестер!

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология Институты 2013 жылдың 11 қазанында танымал ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Институт директоры Ханкелді Махмұтұлы Әбжановтың 60 жылдық мерейтойына орай Ғылыми Кеңестің кеңейтілген отырысын өткізеді.

Х.М. Әбжанов қазіргі Қазақстан тарих ғылымының танымал өкілі, оның негізгі ғылыми зерттеу жұмыстарының мазмұны ұлттық интеллигенция тағдыры, ұлттық идея мен болмыс, қазақ халқының рухани-мәдени дамуын зерттеумен  ерекшеленеді. Ғалым 600-ге жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік зерттеулердің, оның ішінде 10-нан астам монографиялық еңбектің және оқу құралдары мен оқулықтардың авторы. Бұларда ел мен жердің, мәдениеті мен интеллигенциясының тарихи тағдыры, мәселені зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері және ұстанымдары, Отан тарихын дәуірлеудің, ұлттық идея мен элитаның, тұлғатанудың өзекті мәселелері көтерілген. Байырғы түркі қоғамының тарихи ой-санасы, әлеуметтік-мәдени құндылықтары, қазақ зиялылары тарихының бастапқы кезеңі, кеңестік Қазақстан мәдениетінің эвфемистік болмысы, мәдени

мұра және тәуелсіздік тағылымы мен тәжірибесіне қатысты зерттеулері, ой-түйіндері, тұжырымдары тарих «ақтандақтарын» жоюға қосылған үлес. Еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, ұйғыр, түрік, т.б. тілдерде жарық көрді.

Мерейтой иесінің әріптестері мен дос-жарандарын, шәкірттерін және өзге тілектес көпшілікті мерейтойлық іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Ғылыми кеңес «Ғылым Ордасы» ғимаратының Кіші залында сағат 15.00-де өтеді.

Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Шевченко к., 28, 3-қабат.

Анықтама телефондары: 8(727) 2 616557, 8(727) 2616719

  

                      Ұйымдастыру комитеті