Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 16-22.09.13


17.09.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұмановтың «Асыл арна» телеарнасына «Қазақстандағы 1921-1922 және 1931-1933 жж. аштық» тақырыбында сұхбат берді.

 

19.19.13. «Айқын» (№172 (2327) газетіне Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор С.Ф. Мажитовтың «Тарих мылтықсыз майданның құралы ма?» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды.

http://www.aikyn.kz/articles/view/30569

 

20.09.13 Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Н.Ә. Атығаевтың «Первый канал – Евразия» телеарнасына «Аналитика» бағдарламасына «Шетел мұрағаттарындағы Қазақстан тарихына қатысты жаңа материалдар» тақырыбында сұхбат берді.

 

20.09.13. «Казахстанская правда» (№278 (27552) газетіне Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор А.У. Тоқтабайдың «Собаки величайшей красоты…» мақаласы жарыққа шықты.

http://kazpravda.kz/?p=7405

 

20.09.13. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор В.З. Ғалиев «Қазақстан» телеарнасының «Тарих толқыныдағы тарих» бағдарламасына «Орбұлақ шайқасы» тақырыбында сұхбат берді.
20.09.13. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒК Р.Е. Оразов «Қазақстан» телеарнасынадағы «Тарих толқыныдағы тарих» бағдарламасына «Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық күрес» тақырыбында сөз сөйледі.

 

20.09.13. «Президент және халық» (№38 (420) газетіне Ежелгі және ортағасырлар мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Ә. Дәулетханның қоғамдық қызметіне арналған академик О. Смағұловтың «Отан тарихын жазудың жаңа кезеңі басталды» атты мақаласы жарыққа шықты.

http://pr-hal.kz/?p=10266

 

20.09.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА кор.-мүшесі Х.М. Әбжанов Ұлттық ғылым академиясы президентін сайлау және ҚР ҰҒА президиумы құрамын жаңалау мақсатында өткізілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жалпы сессиясына қатысты. «Қазақстан тарихы», атап айтқанда, тарих ғылымы және жоғары білім беру мәселесіне қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, Х.М. Әбжанов «Отандық тарих ғылымы: аясы және міндеттері» тақырыбында баяндама жасады.