Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы


2023 жылдың 07 сәуір күні, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» атты ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Конференцияның басты мақсаты – көне заманнан бүгінге дейінгі Атырау облысының тарихын жүйелі әрі жаңаша зерделеуді насихаттай отырып, өскелең ұрпақтың еліміздің өткені мен бүгіні туралы таным көкжиегін кеңейту болды.

Жиынға ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, университеттің профессоры Болат Жұмағұлов модераторлық етті. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Тарих және құқық институтының директоры Ғабит Кенжебаевқа кіріспе сөздері берілді. Онлайн және оффлайн форматта өткен шараға шет мемлекеттерінің ғалымдары мен магистранттары баяндама жасап, оқу орнының студенттері қатысты.