Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 23-29.09.13


25.09.13. Институт директоры т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Н.Ә. Атығаев және Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор Ж.Б. Абылхожин Мемлекеттік хатшы М. Тажиннің төрағалығымен Астана қаласында болып өткен ұлттық тарихты зерделеу бойынша ведомствоаралық жұмысшы тобының ІІІ Кеңейтілген отырысына қатысты.

25.09.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов «Асыл арна» телеарнасына «История старой площади» («Ескі алаң тарихы») тақырыбында сұхбат берді.

26.09.13. Институтта «Ежелгі тарихқа көзқарас» тақырыбында кезекті методологиялық семинар өткізілді. Баяндамашы – Ежелгі және ортағасырлар мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к., Ә. Дәулетхан.

http://www.iie.kz/?p=2577

Method_seminar_26_09_2013 (32) pic1

26.09.13. «Аңыз адам» (№18 (78) журналына ғылыми хатшы, Ph.D доктор А.П. Ермұхамедованың «Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» еңбегін Табғаш Боғра ханға тарту еткен» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды.

26.09.13. «Түркістан» (№38 (1000) газетіне Ежелгі және ортағасырлар мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к., Ә. Дәулетханның ғылыми шығармашылығына арналған т.ғ.д., профессор М.Қ. Қойгелдиевтің «Ғылым – Отанға қызмет жасау құралы» атты мақаласы жарияланды.

http://www.turkystan.kz/kz/articles/view/31218

27.09.13. «Қазақ әдебиеті» (№38 (3358) газетіне академик М.-А.Х. Асылбековтың «Ұлы Отан соғысы тарихына әділеттік керек» тақырыбында мақаласы жарыққа шықты.

27.09.13. «Казахстанская правда» (№283 (27557) газетіне Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабайдың «Собаки величайшей красоты…» тақырыбында мақаласы жарияланды.

27.09.13. «Қазақ әдебиеті» (№38 (3358) газетіне филол.ғ.д. Р. Зайкенованың Ежелгі және ортағасырлар мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к., Ә. Дәулетханның ғылыми шығармашылығына қатысты «Әлімғазы әлемі» тақырыбында мақаласы жарыққа шықты.

28.09.13. «Вечерний Алматы» (№122) газетіне Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к. С.А. Асанованың «Ислам в духовной культуре Казахстана» («Қазақстанның рухани мәдениетіндегі ислам») тақырыбында мақаласы жарияланды.