Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ж.Қ. СПАБЕКОВ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБИҒИ ӨСІМІ (1989-2013 жж.)


Қазақ халқының этникалық тұрғыдан қалыптасқанына міне (хижра жыл санауы бойынша 870 ж. қазіргі – 1465-66 жж.)) [1] V ғасырдан астам уақыт өтті. Қазақ халқы тәуелсіздік жағдайында табиғи өсімі белгілі бір туғандар санының арасындағы оң шамасын көрсетті. Қазақ халқының өсіп-дамуы табиғи өсімі мен көші-қонның нәтижесінде тарихи-демографиялық өсіп-өнуін көрсетті. Оның ішінде туылғандары, өлгендері, көші-қоны қазақ халқының табиғи өсіміне тікелей әсер етуші факторлар қатарында болып табылды. Егемендігімізге қол жеткізген Қазақстан халқының негізі қазақхалқы басым көпшілікке ие болды. Нарықтық қатынасқа көшкен еліміздің демографиялық өсіміне (табиғи өсіп-өнуіне) тікелей әлеуметтік ахуал әсер етті.

1897 ж. Бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша, қазіргі Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян ұлт өкілдері, ал қалған ұлт өкілдері 8%-н. құраған. 1897-1913 жж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебінен 1 млн. 264 мың адамға көбейген. Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткіші мынадай: 1897 ж. – 4333 мың адам, 1913 ж. – 5597 мың, 1939 ж. – 6082 мың, 1959 ж. – 9295 мың, 1970 ж. – 13 мың, 1979 ж. – 14684 мың. Кеңестік дәуірде, әсіресе, 1930 жылдан кейін Қазақстан жеріне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937-44 жж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшіру науқаны жүргізілді [2].

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында қазақ халқының табиғи өсімі мен демографиялық көтерілуінде елеулі өзгерістер орын алды. Оны төмендегідей тарихи демографиялық өсімінің баяу және жоғары даму факторларын төмендегі көрсеткіштер арқылы талдай аламыз:

Біріншіден, тәуелсіздіктің бірінші онжылдығында (1989-2000 жж.)қазақ халқының демографиялық өсімі 39,7%-дан – 54,1%-ға дейін жетіп, 14,4%-ға өсіп, 1,4 есеге көтерілді;

Екіншіден, екінші онжылдықта (2001-2013 жж.) 54,9%-дан – 65,2%-ға жетіп, 10,3%-ға көтеріліп, он жыл бұрынғы деңгейге қарағанда демографиялық көрсеткіші 11 миллион 1 мың адамға, яғни өткен жылмен салыстырғанда 4,1%-ға төмендегенімен, саны жағынан 1,1 есеге өскен [3,С. 50; 4, С. 42,С.127; 5, 6, С. 5; 7, С.27; 8, С. 31; 9, С. 17;10, С. 27; 11].

Қазақ халқының туылғандардың саны мен пайызы 1990 ж. – 55,7% (201 мың адам), 1992 ж. –59,7% (202 мың адам), 1993 ж. – 62,4% (197 мың адам), 1994 ж. – 63,3% (193 мың адам), 1995 ж. – 64,1% (177 мың адам), 1996 ж. –64,2% (162 мың адам), 1997 ж. – 64,7% (150 мың адам), 1998 ж. туылғандар саны мен пайызы – 65,3 (145 мың адам), 1999 ж. – 65,2% (138 мың адам) құрап, 1,1 есеге өскен. Өлгендердің саны мен пайызы бойынша 1990 ж. – 32,8% (42 мың адам), 1992 ж. – 33,7% (46 мың адам), 1993 ж. – 33,2% (51 мың адам), 1994 ж. – 33,2% (53 мың адам), 1995 ж. – 33,2% (55 мың адам),1996 ж. – 33,2% (55 мың адам), 1997 ж. – 33,8% (54 мың адам), 1998 ж. – 34,5% (53 мың адам), 1999 ж. – 35,6% (51 мың адам) көрсетіп, 1 есеге көбейген.Ал табиғи өсімі бойынша саны мен пайызы 1990 ж. – 159 мың адам, 1992 ж. – 155 мың адам, 1993 ж. –145 мың адам, 1994 ж. – 140 мың адам, 1995 ж. – 121 мың адам болса, 1996 ж. – 107 мың адам, 1997 ж. –  96 мың адам, 1998 ж. – 92 мың адам, 1999 ж. – 86 мың адам құрап, қазақтың негізі 2 есеге өскен [12, С. 79-81; 4, С. 42;13, С. 23].Қазақ халқының туылуүрдісі (өлгендерге қарағанда) жоғары екенін көреміз.

Қазақстандағы жалпы халықтың табиғи өсімі 1991 ж. 13,3 мың адам, 2000 ж. – 4,8 мың адам, 2011 ж. – 13,8 мың адамды құрап, бірінші онжылдықта – 2,7 есеге төмендеп, керісінше екінші онжылдықта (немесе оңалу кезеңі десек те болады) 2,8 есеге көтерілген. Халықтың күтілетін өмір жас ұзақтығы 1991 ж. – 67,6 жас, 2000 ж. – 65,5 жас, 2011 ж. – 69 жасты құрап, тәуелсіз жиырма жылда – 1,4 жасқа ұзарған [14, с. 12].

Академик М-А.Х. Асылбек пен тарихшы-демограф В.В. Козинаның «Қазақтар (80-90 жылдардағы демографиялық өсу беталысы)» атты іргелі зерттеу еңбектері жарық көрді. Тарихи-демографиямен айналысушы ғалымдардың 1989-1999 жж. есептеуі бойынша еліміздегі қазақтардың табиғи өсімі –1989 ж. 40,1%-ды құраса, 1999 ж. 53,4%-ды жетіп, +13,3%-ға дейін өскен.Аймақтардағы және облыстардағы 1989-1999 жж. айырмашылықтары Солтүстік Қазақстан: +27,4% көбейіп, оның ішінде, Ақмола облысында – (25,1%-37,4%-ға) +12,3%, Солтүстік Қазақстан облысында – (22,3%-29,5%-ға) +6,9%, Қостанай облысында –(31,1%-22,9%-ға) +8,2%,Астана қ. – (17,7%-41,1%-ға) көтеріліп, өсімі +23,4%-ды құрады. Оңтүстік Қазақстан:+49,7% көбейіп, оның ішінде, Алматы облысында –(45,1%-59,9%-ға) +14,8%, Жамбыл облысында – (48,8%-65,6-ға) +16,6%, Оңтүстік Қазақстан облысында – (55,8%-67,6%-ға) +11,8%, Қызылорда облысында – (87,7%-94,2%-ға) +6,5%, Алматы қ. – 23,8%-ғакөтеріліп, аймақтағы адамдардың саны – 699,9 мыңға өсті. Шығыс Қазақстан (Шығыс Қазақстан облысында): (38,9%-48,5%-ға) +9,6%-ға дейін көтеріп, аймақтағы саны – 54,3 мың адамға өсті. Орталық Қазақстан: (Қарағанды облысында): 25,8%-37,6%-ды құрап, +11,8%-ға көбейді. Қазақтардың саны 80,7 мыңға өсті. Батыс Қазақстан: Маңғыстау облысында – (50,9%-78,7%-ға) +27,8%, Батыс Қазақстан облысында – (55,8%-64,7%-ға) +8,9%, Ақтөбе облысында – (55,6%-70,7%-ға) +15,1%, Атырау облысында –(79,8%-89,0%-ға) +9,2%-ға саны көтерілген [15, С. 49.].

 

1 сызба

Қазақ халқының пайыздық көрсеткіші (1989-2013 жж.)

[3,С. 50; 4, С. 42,С.127; 5, 6, С. 5; 7, С.27; 8, С. 31; 9, С. 17;10, С. 27; 11].

scheme

Жоғарыдағы гистограммадан көретініміздей,1989-2000 жж. өтпелі бірінші онжылдықта қазақ халқының демографиялық өсімі 39,7%-дан – 54,1%-ға дейін көтеріліп, 14,4%-ға өсті, ал екінші онжылдықта 2001-2013 жж. 54,9%-дан – 65,2%-ға көтеріліп, 10,3%-ға өсті. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің соңғы берген мәліметі бойынша 11 миллионшы «Қазақ» Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген [16]. Бұдан көретініміз қазақтардың әлі де болса – Оңтүстік аймақ, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында (2009 ж. қазақтың саны 1 млн. 785 мың, елдегі қазақтар арасында пайыздық үлесі – 17,7%) [17, С. 11] басым болып келе жатқанын көреміз.

Астана қаласында 2013 ж. 15 мамырда ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловтың ресми мәлімдеуінше 2013 жылдың 1 қаңтарында қазақтардың саны 11 млн. 1,739 мың адамға жетіп, немесе 11миллионыншы шектен 1 739 адамға асқанын атап көрсетті. 2013 жылғы 1 сәуірге нақтыланған халық саны 16967 мың адамды құрап, онда қазақтардың саны – 11 млн. 058 мың адам (65,2%), орыстар – 3 млн. 698 мың адам (21,8%), өзбектер – 511 мың адам (3%), украиндар – 306 мың адам (1,8%), ұйғырлар – 243 мың адам (1,4%), татарлар – 203 мың адам(1,2%), немістер – 182 мың адам (1,1%) және басқа ұлттар өкілдері – 766 мың адамды (4,5) құраған [11].

1 кесте

Қазақстан Республикасы халқының табиғи өсімі 2003-2010 жж.

[18, С. 3]

 

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

ҚазақстанРеспубликасы

92 669

120 778

121 856

144 546

163 666

203 869

214 772

221 877

Ақмола

480

1 415

739

1 474

1 731

3 336

4 202

3 716

Ақтөбе

3 963

5 613

6 463

6 992

7 747

9 688

10 444

11 090

Алматы

11 339

13 231

12 296

15 162

18 394

23 728

22 249

21 879

Атырау

5 483

5 901

6 924

7 581

8 040

9 601

10 154

10 711

БатысҚазақстан

2 179

3 545

3 178

3 630

3 843

5 293

5 750

5 870

Жамбыл

9 499

12 209

12 884

15 004

16 655

19 315

18 878

19 161

Қарағанды

1 069

1 917

2 403

3 391

3 816

5 597

8 169

7 636

Қостанай

-173

156

-590

-458

-568

929

2 118

2 190

Қызылорда

7 963

9 611

9 236

10 399

11 652

13 023

13 796

14 813

Маңғыстау

5 485

6 741

7 103

8 425

9 362

10 449

11 510

11 799

ОңтүстікҚазақстан

35 717

42 942

41 982

47 251

51 944

58 923

57 439

61 340

Павлодар

1 085

1 969

1 499

2 060

2 553

4 327

4 565

4 001

СолтүстікҚазақстан

-995

-678

-470

-914

-870

392

744

486

ШығысҚазақстан

-356

999

583

2 327

2 869

5 706

7 150

5 999

Астана қ.ә.

3 163

4 616

5 424

6 302

8 921

11 747

12 828

14 218

Алматы қ.ә.

6 768

10 591

12 202

15 920

17 577

21 815

24 776

26 968

 

Жоғарыдағы кестеден көретініміз, Республика бойынша – (6,22‰-13,35‰-ге) көрсетіп, 2,2 есеге өскен. Аймақтар бойынша промилле 2003-2010жж. Солтүстік Қазақстан: Солтүстік Қазақстан облысында(-1,47‰-1,25‰-ге), Ақмола облысында –(0,64‰-5,70‰-ге), Қостанай облысында – (-0,19‰-2,40‰-ге), Павлодар облысында –(1,45‰-6,14‰-ге), Астанада – (6,25‰-20,45‰-ге), Оңтүстік Қазақстан: Оңтүстік Қазақстан облысында –(16,76‰-23,09‰-ге), Алматы облысында –(7,24‰-12,22‰-ге), Жамбыл облысында – (9,67‰-18,37‰-ге), Қызылорда облысында – (13,14‰-20,19‰-ге), Алматыда – (5,82‰-18,00‰-ге) Батыс Қазақстан: Батыс Қазақстан облысында – (3,61‰-9,56‰-ге), Атырау облысында – (12,06‰-19,72‰-ге), Ақтөбе облысында – (5,92‰-13,74‰-ге), Маңғыстау облысында – (15,94‰-23,35‰-ге), Орталық Қазақстан: Қарағанды облысында – (0,81‰-6,07‰-ге), Шығыс Қазақстан: Шығыс Қазақстан облысында –(-0,24‰-5,12‰-ні) көрсетіп отыр [18, С. 3].  Бұдан келіп шығатын қорытынды әлі де болса табиғи өсімі бойынша Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан аймағының жоғары көрсеткішке ие болып, Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстада әлі де болса артта келеді.

Академик М-А.Х. Асылбек пен тарихшы-демограф Ж.М-А. Асылбекованың зерттеулерінде Республикада 1989-2009 жж. қазақтардың саны 3 млн 564 мың адамға (54,5%) құраса, ал бірінші онжылдықта – 1 млн 475 мың адамға (22,5%-ға), екінші онжылдықта – 2 млн 87 мың (26,0%-ға) көбейгені айтылады. Қазақтардың үлес салмағы негізінен басым аймақ Оңтүстік Қазақстан, оның ішінде Қызылорда облысы – 95,8%, Оңтүстік Қазақстан облысы – 70,1%, Жамбыл облысы – 69,0%, Алматы облысы – 64,1% және Алматы қ. – 50,1%, Батыс Қазақстан: Атырау облысы – 91,3%, Маңғыстау облысы – 86,1%, Ақтөбе облысы – 77,9%, Батыс Қазақстан облысы – 70,9%, Шығыс Қазақстан: (Шығыс Қазақстан облысы) – 53,9%, Орталық Қазақстан: (Қарағандыда) – 44,1%. Қазақтардың үлес салмағы аймақ Солтүстік Қазақстан: екі облыста (Павлодар облысында – 45,7% және Ақмола облысында – 44,6%) халқының жартысына жетпейді. Қалған екі облыста (Қостанай облысында – 35,6% және Солтүстік Қазақстан облысында – 33,7%) құрап, төмен көрсеткішке ие екенін ғалымдар өздерінің ғылыми демографиялық салыстырмалы талдауларында берген [19, с. 23].

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Т. Мамашевтың тұжырымы бойынша әлемнің 40-тан астам елінде 5 миллионнан астам қазақ бар екені белгілі. Бізде сол елдердің ресми статистикалық мәліметтері бар [20]. Демограф-ғалым М. Тәтімов: 5 миллион қазақ шетелде тұратынын ескертеді [21]. Академик М-А.Х.Асылбек мақаласында диаспора мәселесімен айналысқан ғалымдардың еңбектерін тұжырымдай келе, Сайлау Батыршаұлының берген мәліметі бойынша – шетелдегі қазақтардың саны 5,2 млн. деген болжамын шындыққа жақынырақ деп көрсетеді. 2000-2005 жж. аралығындағы шетелдердегі қазақтардың саны 3,2 млн-нан 5,6 млн-ға дейін өсуін екі себеппен түсіндіреді. Біріншіден, алғашқы көрсетілген мәлімет толық болмай, 1,5-2 млн-дай қазақ есептен тыс қалып қоюы мүмкін, ал екіншіден, осы 5-6 жыл ішінде едәуір табиғи өсім нәтижесінде қазақтар саны тез өскен шығар деген болжам айтады [22, 6 б.]. Мұны Қазақстандағы танымал демограф-ғалым М. Тәтімов: «Қазақ ұлты таралуы, жайыла қоныстануы жағынан Еуразия алып супер континентінде араб, қытай, орыстардан кейінгі төртінші тұрған ұлт. Ал осы территориядағы көшпелі елдердің арасында қазақ бірінші орында тұр. Халық саны жағынан моңғолдар 9 миллион болса, тибеттер 6 миллион, маньчжур халқы 5 миллиондай. Көршілес қырғыздардың өзі әлі 5 миллионға тола алмай отыр. Міне, кешегі көшпелі халықтар ішінде, қаншама қырғынға ұшыраса да, қандай зобалаңды бастан кешсе де, біз алдыңғы қатарда тұрмыз. Енді ол кезде әлгі 6 миллионның ішіне қырғыздар да енген, қарақалпақтар да, өзбектің ішіне сіңіп кеткен құрама аз ұлттар да болған. Ол кезде 6 миллион болу – үлкен көрсеткіш», – деп көрсеткен [23].

Қорытындыда айтарымыз, ертеден келе жатқан жеріміздің негізгі иесі де, дамытушысы да, тірегі де, негізі де болып келген қазақ халқы екені баршамызға аян. Қазақ халқының тәуелсіздік жылдары даму ерекшелігі: өзге этнос өкілдеріне қарағанда, басым көпшілікке ие болды. Оның өсу көздері: табиғи өсім мен көші-қон есебінен. Жергілікті қазақ ұлттының үлесі (65,2% – қазақтың саны 11 млн. 1,7 мың адам) [11], құрап дәстүрлі өсті. Сондай-ақ, аймақтар бойынша қазақтардың орналасуы және табиғи өсімі басым Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан аймақтары алдыңғы қатарда келеді. 1989-2013 жж. Қазақтар – 39,7%-65,2%-ға, ал түркі-мұсылман этнос өкілдері (өзбек, азербайжан, ұйғыр, түрік, татар, күрд және т.б.) көбейіп, ал еурапалық этнос өкілдері (оның ішінде орыс, украин, неміс, белорусь және т.б.) ұлт өкілдерінің саны азайды. Көші-қонның нәтижесінде Қазақстанға келген оралмандардың негізгі дені орналасты. Әлі де болса, қазақтар түркі-мұсылман этностарынан табиғи өсімі бойынша артта қалып келеді. Дана халқымызда «Бір қой егіз туса, бір түп жусан артық шығады» дейді. Сол себепті де, әлеуметтік-демографиялық тұрақтылығымызды сақтауда халқымыздың әлеуетін көтеру арқылы баланы көбейтуге жағдай қалыптастыру. Болашақта қазақтың санының өсуінен жаңадан сапа қалыптасатын заман туатынына сеніміміз мол.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгі дейін). Бес томдық. ІІ том. – Алматы, «Атамұра» – 1998. 343 б.

2. Қазақстан демографиясы / Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынғанмәлімет.Электронды ресурс: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B.

3. Демографический ежегодник Казахстана / Нацстатагентсво Республики Казахстан / Алматы, 1997. 269 с.

4. Демографический ежегодник Казахстана. Статистический сборник / Под ред. Ж.А. Кулекеева/ Алматы. 1998 – 592 с.

5. Казахстан. Словари и энциклопедии на Академике. 17.04.2013. http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_colier/217/КАЗАХСТАН.

6. Этнодемографический ежегодник Казахстана. Статистический сборник. / Под ред. Шокаманова Ю.К. / Алматы, 2006, 440 с.

7. Демографический ежегодник Казахстана. Статистический сборник. /Под ред. А. Мешимбаевой/ Астана, 2007. 389 с.

8. Демографический ежегодник Казахстана. Статистический сборник. /Под ред. А. Мешимбаевой/ Астана, 2009 – 637 с.

9. Демографический ежегодник Казахстана. Статистический сборник. /Под ред. А. Смаилова/ Астана, 2010 – 523 с.

10. Демографический ежегодник Казахстана / Статистический сборник / на казахском и русском языках / Главный редактор Смаилов А.А. Астана, 2012 – 608 с.

11. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.http://kt.kz/?lang=kaz&uin=1133436215&chapter=1153572196

12. Демографический ежегодник Казахстана / Нацстатагентсво Республики Казахстан / Алматы, 1997. 269 с. 79-81 с.

13. Демографический ежегодник Казахстана, 1999. Статистический сборник. /Под редакцией А. Смаилова/ Алматы, 2000 – 64 с.

14. Брошюра «Казахстан сегодня» Агентсво Республики Казахстан по статистике. Главный редактор Смаилов А.А. /на русском языке/ Астана – 2012, 42 стр.

15. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Казахи (демографические тенденции 80-90-х годов). – Алматы: Өркениет, 2000. – 102 с.

16. 11 млн-шы қазақ атанған сәбиге Оңтүстік Қазақстан әкімі ат сыйлады http://bnews.kz/kk/news/post/138913/

17. Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. Статистический сборник /Под ред. А.А. Смаилова/ Астана, 2010 – 110 с.

18. Официальный сайт: Агентство Республики Казахстан по статистике. Динамике показателей естественного движения населения. Электронный ресурс: http://www.stat.kz/digital/naselsenie/Pages/default.aspx

19. Асылбек, М-А.Х., Асылбекова, Ж.М-А. Социально-демографическое развитие населения Казахстана в годы суверенитета // Отан тарихы. – 2010. – № 3 (51). – С. 19.

20. С. Көкенов. Алаш айнасы. Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет / электронды ресурс: http://alashainasy.kz/tay/29694/

21. Тәтімов М. 70 пайызға жетіп қалдық!Фабрика новостей/ электронды ресурс: http://kaz.newsfactory.kz/

22. Асылбек М-А.Х. Қазақтар қалай көбейді? / Егемен Қазақстан. 2005, 28 қыркүйек.

23. Ескендір Қ. Ұлттың саны сапаны көтереді. / Егемен Қазақстан. 2011, 25 мамыр. http://www.egemen.kz/2011/05/25/306203/

 

Резюме

В этой статье представленыматериалы из определенных источников, в которых  освещаются демографические изменения после обретения Казахстаном независимости. А также, рассматриваются изменения естественного прироста казахов по сравнению с другими этносами.

 

Summary

In this article the author presented the materials from certain sources, where the demographic changes are shown (after the obtaining the independence by Kazakhstan). Besides, the author considered the changes of natural increase of Kazakhs comparing to other ethnic groups.