Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Халық тарих толқынында» атты Қазақстан тарихшыларының екінші Конгресі өтті


2013 ж. 25 қазан айында Астана қаласында «Халық тарих толқынында» атты Қазақстан тарихшыларының екінші Конгресі өтті.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры т.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА корр-мүшесі Әбжанов Х.М. басшылығымен Конгрес жұмысына қатысқан қызметкерлер : т.ғ.д.,  проф. ҚР ҰҒА академигі  Асылбеков М-А.Х., т.ғ.д., проф. ҚР ҰҒА академигі, Болон Академиясының мүшесі Смағұлов О., т.ғ.д., доцент Смағұлова С.О., т.ғ.к, доцент Атығаев Н.А., т.ғ.д.,  доцент Құдайбергенова А.И., т.ғ.к.  Дәулетхан А., т.ғ.к.,  Асанова С.А., т.ғ.к. Ноғаева З.К., т.ғ.к. Уалтаева А.С., т.ғ.к. Нұрұмбетова К.Қ., т.ғ.к. Рахимқұлов Д.А., т.ғ.к. Орынбаева Г.Ү, ҒҚ  Ашимов Б.Ә.,  КҒҚ  Әпендиев Т.Ә.

Пленарлық отырыста Институт директоры т.ғ.д., профессор Әбжанов Х.М. «Халық тарих толқынында» бағдарламасының ғылыми зерттеулері туралы» атты баяндама жасады. «Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарындағы тарихи маңызды оқиғалар, жаңа және қазіргі Қазақстан тарихы» атты 2 секция жұмысында т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі  Асылбеков М-А.Х., т.ғ.д., проф. ҚР ҰҒА академигі, Болон Академиясының мүшесі Смағұлов О. өз ой-пікірлерімен бөлісті. Осы Конгрес жұмысы аясында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Тарих тағылымы мен тәлімі» атты кітап көрмесін  ұйымдастырды.