Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«АТА-БЕЙІТ» ҚЫРҒЫЗ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ


2023 жылдың 26 сәуірінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Ата-бейіт» мемориалдық кешенінің (Қырғыз Республикасы) қызметкерлерімен, сондай-ақ Ишаналы Арабаева атындағы ҚМУ 1,2,3,4 курс студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу аясында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және «Ата-бейіт» мемориалдық кешені арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар бірлескен жобалармен жұмыстарды жүзеге асыра отырып, одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.

Кездесуге Ата-Бейіт ұлттық-тарихи мемориалдық кешені директорының орынбасары, т.ғ.д. Абдрахманов Б.Ж., т.ғ.к., И. Арабаев атындағы ҚМУ доценті Байділдеев Ж.Р., т.ғ.к. И.Арабаев атындағы ҚМУ доценті Асекова С.У., И.Арабаев атындағы ҚМУ жетекші маманы Тентимишова К.К. және И.Арабаев атындағы ҚМУ аға оқытушысы Баяманов Н.М. қатысты.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, т.ғ.д., профессор Қабылдинов З.Е. қонақтарға институт ғалымдары дайындаған «Ұлы даланың Ұлы есімдері», «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары» кітаптарын табыстады.

Бұдан әрі өзара ынтымақтастық ЖОО ғалымдары мен студенттеріне тәжірибе алмасуда және тең құқықта ғылыми тағылымдамалар өткізуге мүмкіндіктер береді.