Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақ диаспорасының жасампаз әлеуеті: тарихы және заманауи келбеті» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция


2013 жылдың 31 қазанында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Философия, саясаттану және дінтану институты, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен «Қазақ диаспорасының жасампаз әлеуеті: тарихы және заманауи келбеті» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Пленарлық мәжілісте баяндама жасаған Институт қызметкерлері ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д. профессор Асылбеков М.-А., Х., т.ғ.д., профессор Қинаятұлы Зардыхан өз ой-тұжырымдарын ортаға салды.

Секция жұмыстарына тарих ғылымдарының кандидаттары К.Нурумбетова, А.Уалтаева, Г. Орынбаева, кіші қызметкер Г. Омарова қатысып, баяндама жасады.

Конференция шеңберінде өткен «Қазақ диаспорасының Қазақстан жайындағы тарихи білімі» атты аймақтық «дөңгелек үстел» жұмысында т.ғ.к. Ә.Дәулетхан баяндама басап, т.ғ.д., доцент А.Құдайбергенова пікір-таласта өз ойын білдірді.