Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ХАСАН ОРАЛТАЙ ЖӘНЕ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында мамырдың 4 күні 2023 жылы Хасан Оралтайдың туғанына 90 жыл толуына орай «Хасан Оралтай және ел тәуелсіздігі үшін қызмет етудің құндылығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, халықаралық журналист, ұлтшыл тұлға, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Қазақстан Журналистика академиясының «Алтын самұрық» сыйлығының иегері Хасан Оралтайдың 90 жыл толуына орай өткен конференция жұмысына белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, жазушы, драматург Смағұл Елубай, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелдиев, алыс-жақын шет мемлекеттерден (АҚШ) Чарльз Карлсон (Charles Carlson) – «Азаттық» радиосының бұрынғы директоры баяндамаларын оқыды. Хасан Оралтайдың Азаттық радиосындағы әріптестері өз кезегінде қайраткердің жетістіктерін бейнеролик, слайд көрсетілімінде еске алып өтті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан Қуандықұлының құттықтау сөзі конференция барысында оқылып шықты.

Конференцияның негізгі мақсаты-қазақ халқының тәуелсіздігі қызметінің құндылығын дәріптеу, жас ұрпақты мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтуға, сондай-ақ Хасан Оралтайдың өмірі мен қызметі мысалында жаңа Қазақстанды құруға ынталандыру.

Конференцияда Хасан Оралтайдың 90 жылдығына арналған ақпараттық бейнероликтер көрсетілді. Хасан Оралтай тұлғасын тану мақсатында оның мұрағатынан жарияланбаған еңбектерді жариялауға қатысты перспективалық ұсыныстар берілді.