Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дөңгелек үстел


2013 жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақ мемлекеттік қыздыр педагогикалық университеті мен Республикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақ тарихы» журналы «Тарих ғылымы мен әдістемесінің жоқшысы, насихатшысы әрі қозғаушы күші – «Қазақ тарихы» журналы» атты «Қазақ тарихы» журналының 20 жылдық мерейтойына орай журналдың тұрақты оқырмандары мен жанашырлары, барша тарихшы ғалымдар мен ұстаздар, ЖОО, колледж оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысқан дөңгелек үстел Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде болып өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына институттан т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі М. А.-Х. Асылбеков, т.ғ.д., профессор Зардыхан Қинаятұлы, т.ғ.д. А.И. Кұдайбергенова, т.ғ.к. З.К. Ноғаева, т.ғ.к. К.Қ. Нұрымбетова, т.ғ.к. Рахымқұлов Д.А., т.ғ.к. К.К. Кожаханова, т.ғ.к. Ж.Б. Несіпбаева, кіші ғылыми қызметкер Омарова Г.А. және т.б. қатысып өз тұжырымдарын ортаға салды.

Т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова «Институт ғалымдарының ғылыми тұжырымдары «Қазақ тарихы» журналының беттерінде» атты баяндама жасап, журналдың 20 жылдық қызметіне байланысты ойларын көпшілікпен бөлісті.