Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ

М.Қ. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2023 жылдың 31мамырында ЖТН АР09261139 «Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметі (жаңа архив және жазба деректер негізінде)» ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру аясында «ХХ ғасырдағы Қазақстан мен Орталық Азия тарихындағы Ұлттық құндылықтар мәселелері»тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты:конференция тақырыбы бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында тарихи фактілерді ғылыми тұрғыда түсіндіруге негізінделген отандық және шетелдік ғалымдар және сарапшылармен пікір алмасу. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мен Орта Азиядағы мемлекеттік құрылыс қайта қарауды қажет етеді. Осы орайда, ХХ ғасыр тарихын ұлттық құндылықтар тұрғысында зерттеу, Кеңестік Қазақстан мен Орталық Азияның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, танымал мәдениет қайраткерлерінің, жаппай қуғын-сүргін құрбаны болған ғалымдардың, олардың ішінде патриот Смағұл Сәдуақасұлының (1900-1933 жж.) жарқын өмірі мен бай мұрасын насихаттау жұмыстары бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасында қазақ халқының даңқты ұлдары мен патриоттарын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерін еске алуға негізделген шешімдер қабылданады.

Конференцияның жұмыс бағыты:

  • ҚазАССР және Орта Азия республикаларындағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс «Ақтаңдақтары»
  • Одақ республикаларындағы ұлт элиталарын қуғындау тарихының «дұрыс» және «бұрыс» жақтары
  • ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы тарихтағы тұлғалардың рөлі.
  • Смағұл Сәдуақасұлының (Сәдуақасовтың) мемлекеттік қызметі;
  • Қоғамдық пікір көшбасшыларының дүниетанымы мен руханилығы;
  • Саяси және интеллектуалды элита, патриоттарды, қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫ БАРЫСЫНДА С.С. СӘДУАҚАСҰЛЫНЫҢ БЮСТІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ БОЛАДЫ

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, түрік, ағылшын, орыс,

Конференция жұмысының басталуы: 2023 ж. 31 мамыр (Петропавловск қ. Қазақстан) 

Өткізу формасы: Zoom негізіндегі онлайн және офлайн конференция(конференция идентификаторы:……………….., паролі:……………..) қосымша хабарланады. Конференцияға қатысу үшін кәсіби тарихшылар, саясаттанушылар, құқықтанушылар, философтар, архивтер мен мұражайлардың қызметкерлері, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер, сондай-ақ БАҚөкілдері шақырылады.

Халықаралық конференция жинағын шығару жоспарлануда. Конференция жинағына өтінімдер мен мақалаларды e-mail: b.zamzagul75@mail.ruэлектронды почтасына жібересіздер.

Тіркеу нысаны 2023 жылдың 27 мамырына дейін, баяндама (мақала) материалдары – 2023 жылдың 5 маусым дейін қабылданады.

Баяндаманы (мақалаларды, тезистерді) жариялау үшін материалдар мынадай талаптарға қатаң сәйкестікте ресімделуі тиіс: баяндама мәтіні (конференция тақырыбына байланысты және көлемі 10 беттен аспайтын) қазақ, орыс (немесе ағылшын) тілдерінде, тіркеу нысаны MSWord мәтіндік редакторында терілуі тиіс; файл атауы және сурет форматындағы жеке jpeg файлдар автордың тегімен аталуы керек, мысалы, «Мырзагалиев_өтінім», «Мырзагалиев _мақала».

1. Кестелердің, схемалардың, суреттердің атауы болуы керек және Windows ортасында терілуі керек.

2. Бет пішімі: А4.

3. Шеттері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1 см, сол жағы – 3 см.

4. Шрифті: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.

5. Жоларалық интервал– бірлік.

6. Азат жол шегінісі: 1,0 см.

7. Ортасында кіші әріптермен (қалың қаріппен) автордың (-лардың) аты-жөніғылыми дәрежесі, атағы (бар болса).

8. Төменде автор жұмыс істейтін мекеменің толық атауы және оның лауазымы.

9. Автордың аты-жөні астында баяндаманың атауы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚАЛЫҢ ҚАРІППЕН) ортасында көрсетіледі.

10. Азат жолдан кейін бір интервалдан соң тікелей баяндама (мақала) материалы.

11. Әдебиеттер (және дереккөздер) тізімі мақаланың соңында орналастырылады және жұмыстарды атап өту тәртібіне сәйкес жасалады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада әдебиеттер тізімі бойынша дереккөздің бетін (қажет болған жағдайда) көрсете отырып, тиісті нөмір түрінде ресімделеді, мысалы: [1, с. 2], [1, 2-б.] немесе [1, р. 2]. Барлық библиографиялық мәліметтер мұқият тексерілуі керек.

12. Кестелердің, диаграммалардың, суреттердің атауы болуы керек және Windows ортасында терілуі керек. Барлық суреттер мен фотосуреттер жақсы контрастпен және кем дегенде 300 dpi ажыратымдылыққа ие болуы керек. Барлық суреттерде нөмірлеу, сурет астындағы қолтаңба болуы керек. Сурет астындағы қолтаңба қысқа, бірақ мазмұнды болуы керек. Кестелер көрнекі болуы, атауы, реттік нөмірі болуы керек. Егер олар мәтінде жалғыз болса, кесте немесе сурет нөмірленбейді. Мәтінде барлық кестелер мен суреттерге сілтемелер болуы керек. Суреттер мен кестелер мәтінге қажетті жеріне қойылады.

13. Жалпы қабылданғандардан басқа сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Аббревиатуралар мәтінге алғаш рет толық мағынасын ашқаннан кейін ғана енгізіледі (мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы – ҚР ҰҒА).

14. Ескертпелер жоғарғы индекс түріндегі сандармен ресімделеді және рет-ретімен нөмірленуі тиіс. Ескертпе мәтіндері мақаланың соңында ЕСКЕРТПЕЛЕР бөліміне жатқызылады және жоғарғы индекс түрінде санмен нөмірленеді. Мәтіндегі жол сілтемелеріне жол берілмейді.

15. Белгілерді біріздендіру: тырнақша – «»; даталардағы ғасырлар – рим цифрларымен, жылдар – араб цифрларымен беріледі. Дефисті (-) және ортаңғы сызықшаны (–) пайдалануды ажырату қажет. Соңғысы сандық, хронологиялық шектерді және т.б. белгілеу кезінде көрсетіледі: 89-92 с. 179-185 бб.; 1878–1879 жж.; XV-XVI ғғ. (бөлмей), немесе XV ғ. соңы –XVIғ. басы (бөліп); 7–8 км; М.–Л. және т.б.

16. Кестелеуге, сөздерді босатуға, автоматы режимде орындалатын командаларды, макростарды қолдануға, мәтінді шаблон түрінде сақтауға БОЛМАЙДЫ.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Мақалалар рецензияланбайды, автор осы мақалалардың мазмұнына және плагиатқа жауап береді.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан, 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

Байланыс тұлғалары: Муканова Гюльнар Кайроллиновна (е-mail: gulnar_mukanova@mail.ru тел.: +7 747 274 64 78), Байжуманова Замзагуль Бекежановна – (е-mail: bek.alma_81@mail.ru; тел.: +7 747 156 83 82)

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

 Толық аты жөні 
 Жұмыс орны, лауазымы 
 Ғылыми дәрежесі және атағы 
 Байланыс мекен жайы және телефоны, е-mail 
 Қатысу бағыты, нысаны 
 Баяндама тақырыбы 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

Мырзағалиева Р.Т, т.ғ.к.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты,

этнология және антропология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Аңдатпа.…………………………….

Түйін сөздер:………………….

Әдебиеттер мен дереккөздер тізімі:

1 Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методика и новые подходы // «Орталық Азиядағы қоғамдық ғылымдардың дамуындағы жаңа стандарттар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. –10-17-бб.

3 Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. –28-б.