Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 28.10-03.11.13


30.10.2013. Кезекті Ғылыми кеңес өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: 1) Халықаралық конференцияларды өткізу қорытындылары; 2) ПМҚ және ГҚ жылдық есепті дайындау барысы; 3) Институт Мұрағат қорының жұмысы. Сондай-ақ ғылыми іс-сапарлар есебі тыңдалды.    

 

31.10.2013. Институтпен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, Философия, саясаттану және дінтану институты және М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бірлескен «Қазақ диаспорасының жасампаз әлеуеті: тарихы және заманауи келбеті» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бағдарлама барысында сурет және кітап көрмелері ұйымдастырылды.

 

31.10.2013. Институт директорының ұйымдастыру және коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова «Жебе» газетінде (№35) «Алаш зиялылары жайлы деректі және көркем фильмдер түсірсек» мақаласы жарық көрді.