Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 18-24.11.13


13.11.13. Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова «Еларна» телеарнасында «Архифакт» тарихи-танымдық бағдарламасының «Қарт Каспийдің жағасындағы көне қала Ақтөбе-Лаэти тарихы» атты деректі фильміне ғылыми кеңесші болып, сценарийлерге пікір білдірді. 19:30 фильм телеарнадан көрсетілді. 

20.11.13. Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова «Еларна» телеарнасында «Архифакт» тарихи-танымдық бағдарламасының «Ұлылар мекені Жидебай қонысына бірге сапар шегейік!» атты деректі фильміне ғылыми кеңесші болып, сценарийлерге пікір білдірді. 19:30 фильм телеарнадан көрсетілді.

20.11.13. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Ә. Дәулетхан «Хабар» телеарнасында «Ерлердің ісі бітер ме» атты ток шоуға қатысты.

20.11.13.  Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, Бас ғылыми қызметкер Қ.Ш. Әлімғазинов Алатау ауданы әкімдігі ұйымдастырған “Партия жұмысының жаңа форматы: қайта қарастырылуы” (“Нұр Отан” партиясының жаңа доктринасы және Қазақстан – 2050 Стратегиясының міндеттерін жүзеге асыру бойынша) атты Дөңгелек үстелде баяндама жасады.

21.11.13. Ғылыми қызметкер Р. Көбеев ҒО ҒТИ-та «Springer Publishing – Gate to the Scientific Research»  атты біліктілікті арттыру тренинг-семинарына қатысты.

21.11.13. Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Е. Оразов «Жетісу» телеарнасында «Тарих тағылымы» бағдарламасына Саурық және Сұраншы батырларлар жайында сұхбат берді.