Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 04-17.11.13


11.11.13. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова Хабар телеарнасының Т. Жүргеновке арналған деректі фильмі үшін арнайы сұхбат берді.

12.11.13. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова «Білім» теларнасындағы «Кітапхана» бағдарламасына «Ұлттық рәміздер: мазмұны мен мәні» тақырыбында сұхбат берді.

13. 11.13. Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д. З. Қинаятұлы «Астана» радиосына Сығанақ қаласы жайында сұхбат берді.

14.11.13. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова «Қазақстан» теларнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасына «Қазақ ақын қыздары» тақырыбында сөз сөйледі.

14.11.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов «Білім» теларнасына «Е. Бекмаханов» тақырыбында құжаттық фильмге сұхбат берді.

15.11.13. Институттың бір топ қызметкерлері: Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің Бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА академигі М-А.Х. Асылбек, Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің Бас ғылыми қызметкері т.ғ.д. З. Қинаятұлы, Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., проф. А.И. Құдайбергенова, Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, БҒҚ, т.ғ.к. З.К. Ноғаева, АҒҚ, т.ғ.к. К.Қ. Нұрымбетова, АҒҚ, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов, АҒҚ, т.ғ.к. Ж.Ж. Несипбаева, ҒҚ, т.ғ.к. Қ.К. Қожаханова, ҒҚ, А.Ж. Абуов, КҒҚ, Г.А. Омарова «Қазақ тарихы»: журналының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақ Қыздар педагогикалық университетінде болып өткен «Тарих ғылымы мен әдістемесінің нәсихатшысы әрі қозғаушы күші – Қазақ тарихы» журналы» тақырыбында Дөңгелек үстелге қатысты.

15. 11.13. Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д. З. Қинаятұлы «Аңыз адам» №23 журналына «Александр Македонский Азия мен Европаны біріктірген әлем державасын құрмақшы болды» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

15. 11.13. Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д. З. Қинаятұлы «Алматы» телеарнасына «Ш. Уәлиханов» туралы сөз сөйледі.   

15.11.13. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Орталық мемлекеттік мұрағат» РММ ақпарат және мұрағат комитеті (2013 ж. 6 ақпаны №27 сәйкес) құжаттарын сақтау, ішкі құжат айналымы, ішкі құжаттардың және іс қағаздарының жүргізілуі жөнінде кезекті тексерістен өткізілді. (Жауаптылар: З.М. Төленова, К.Н. Сапакова).