Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«АБЫЛАЙ ХАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ: ТАРИХИ ҮДЕРІСТЕР МЕН САБАҚТАСТЫҚ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 


2023 ж. 18 мамырда ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлының І-ші оқулары аясында Абылай ханның 310 жылдығына орай «Абылай хан және қазақ мемлекеттілігі: тарихи үдерістер мен сабақтастық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына көрнекті ғалым т.ғ.д., профессор., ҚР ҰҒА академигі Б.Е. Көмеков, т.ғ.д., синолог, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының (ЮНЕСКО-ның 2-санаты) бас ғылыми қызметкері К.Ш. Хафизова, т.ғ.к., Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Ірі қоғам қайраткері, ғұлама тарихшы Зардыхан Қинаятұлының тағылымы» тақырыбында баяндамасымен Д. Әлімғазы, докторанттар мен магистранттар қатысты. 

Конференцияда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жас ғалымдары (Морякова М.Т., Зикирбаева В.С. және Бұрханов Б.Б.) Зардыхан Қинаятұлы атындағы шәкіртақымен марапатталды.

Конференция барысында конференция материалдарының жинағының және«Библиографический словарь кипчаковедов» атты кітабының тұсау кесу рәсімдері өтті.

Конференция жұмысында Зардыхан Қинаятұлының ғылыми зерттеулері, олардың тарихи маңызы, Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы тарихының мазмұнына тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер, Қазақстан тарихын зерттеудегі қазіргі тарихнамалық және деректанулық жетістіктер, қазақ хандығының тарихындағы билеушілердің, билердің, батырлардың және т.б. қызметі терең талқыланды.