Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Тәуелсіз Қазақстан: мәселелері мен келешегі» атты дөңгелек үстел


12 желтоқсанда институтта тәуелсіздік күніне арналған «Ұлттық тарихты зерттеудің әлемдік және Отандық тәжірибесі» атты «І-ші Нүсіпбеков оқуларының» бағдарламасы бойынша «Тәуелсіз Қазақстан: мәселелері мен келешегі» атты дөңгелек үстел өтіп, оған институт пен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ғалымдары қатысты. Дөңгелек үстел институт директорының ұйымдастыру және коммерциялық мәселелері жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының докторы С.О. Смағұлованың кіріспе сөзімен ашылып, тәуелсіз 22 жыл ішінде еліміздің бастан өткізген қиыншылықтары мен қол жеткізген жетістіктері, ғылым мен білім саласындағы өзгерістер мәселесіне тоқтала келе, мемлекетіміздің мәртебесінің биік көтерілуі халқымыздың жемісті еңбегінің нәтижесі екендігін айтса, «Тәуелсіздік-биік тұғырымыз» тақырыбындағы  бас баяндаманы жасаған институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Ә. Атығаев еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері тарих ғылымы саласында бұрындары зерттеуге тыйым салынған немесе «ақтаңдақтар» деп келген тарихи тақырыптар зерделенгендігін, өткен ғасырларда қазақ халқының бодандығына қарсы шығып, егемендігі жолында күрескен Абылай хандай, әділеттілік жолында төрелік еткен Төле бидей қайраткерлеріміздің тарихи тұлағалары ұлықталып отырғандығын атап өтті.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор В.З. Ғалиев өз баяндамасында бүгінгі тарихи мәселелердің бірі – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі екендігін айта отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске қырғыздар да қатысқандығын, қырғыздардың еліміздің Тарбағатай өлкесінде XIV ғасырдан, ал бұрынғы Жетісудың Қапал уезінде XVII ғасырдан бері мекендеп келгендігі жөнінде дәлелді тарихи деректер келтірді. Тарихты жаңа деректермен жаңаша көзқараспен жазудың маңыздылығын, бұл ретте шетелден әкелінген тарихи деректерді саралап, қолдануды қажеттігін атап өтіп. Қазақтың бірегейлігін қараған кезде оның шығу тегінен бастап, осы уақытқа дейінгі кезбен ұштастыра қарауды ұсынды. Тарих ғылымдарының докторы, доцент Г.Н. Ксенжик тәуелсіз Қазақстандағы тарих ғылымын зерттеудегі басты бағыттарды саралай отырып, келешектегі тарих ғылымын дамытуда картографияның кең қолдану керектігін көтерсе, тарих ғылымдарының докторы Қ.Ш. Әлімғазинов тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа тарихи деректемелік түрлеріне тоқталып, соңғы кезде электрондық дерек көзінің қөп қолданыста екендігін айтты.

Дөңгелек үстел барысында сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Ж. Несіпбаева тәуелсіз мемлекетіміздің дипломатиялық қызметіне, кіші ғылыми қызметкер Н. Құрманалина елдегі жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне тоқталды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Алтайтану-түркология ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Қ. Ынтыханұлы Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде шексіз қуанған жастардың бірі болып, қазірде Отандық ғылым саласында қызмет етуді мақтан тұтатындығын айта келе, Қытай, Моңғолия жерінде қаншама тасқа жазылған түркі (руналық) жазулардың барлығын, оларды зерттеп, ғылыми айналысқа қосса, тарихымыздың белгісіз беттері ашылар деген пікірін білдірсе, тарих ғылымдарының докторы З. Қинаятұлы тәуелсіздігіміздің келешегіне қауіп боларлық жемқорлықпен күресудің маңыздығына тоқтала келе, қазақ тілінің мәртебесін көтеру қазақстандықтардың  парызы екендігін атап өтті.