Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ЗАКАРЬЯ Р. ДИССЕРТАЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН-АЛА ҚОРҒАУЫ ӨТТІ


2023 жылғы 1 маусымда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Дүниежүзі тарихы және сыртқы байланыс бөлімі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінің, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының, бірлескен кеңейтілген мәжілісінде Закарья Рахметолланың PhD диссертациясының алдын ала қорғауы өтті.

Талқылау сағат 11.00-де Zoom платформасында аралас форматта өткізілді.

Р. Закарияның диссертациялық жұмысының тақырыбы 2019 жылғы 23 қазандағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінің отырысы негізінде бекітілді (бұйрық №4-5637).

Кеңейтілген отырысқа Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының құрамы: т.ғ.д., профессор Қабылдинов З.Е., т.ғ.к., доцент Уалтаева А.С., т.ғ.к., доцент Тілеубаев Ш.Б., т.ғ.к. Абдулина А.Т. және т.б., сондай-ақ дүниежүзі тарихы және сыртқы байланыс бөлімінің қызметкерлері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы: т.ғ.к., доцент ҚазҰУ Қартабаева Е.Т., т.ғ.к., доцент ҚазҰУ Сабденова Г.Е.,  т.ғ.к., доцент ҚазҰУ Мұхажанова Т.Н., сондай-ақ Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Тарих және құқық институтының оқытушы-профессорлық құрамы: т.ғ.к., доцент ҚазҰПУ Жұмағұлов Б.С. қатысты.

Кеңейтілген мәжілістің төрағасы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ш. Қалыбекова болды.

Кеңейтілген мәжілістің төрағасы: «Диссертантпен алынған нәтижелер бойынша жалпы 11 ғылыми басылымдарда жарық көрді, оның ішінде 5 мақала ҚР білім және ғылым министрлігінің жоғары бақылау Комитетімен бекітілген тізімге енген басылымда, 1 мақала Scopus мәліметтер базасына кіретін басылымда, 3 баяндама халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумның жинақтарында жарияланды».

Закарья Рахметолла «Кеңес өкіметінің еуропалық эмигранттар мен иммигранттарға қатысты саясаты (ХХ ғ. 20-40-жылдары)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысым бойынша баяндаманы ұсынды. Баяндамада диссертациялық жұмыстың мазмұны, мақсаты мен міндеттері, тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңалықтары, алынған негізгі ғылыми нәтижелері мен теориялық және практикалық маңыздылығы, зерттеу нысандары мен әдістері беріліп, қорғауға шығарылатын қағидалар келтірілді.

Жалпы алғанда, диссертациялық жұмыс өзіндік ғылыми зерттеу болып табылады, ізденушінің кәсіптік құзіреттілігі туралы куәлік береді, PhD докторларының диссертацияларына және 8D02206 – «Тарих» білім беру бағдарламасының паспортына қойылатын ҚР БҒМ білім беру және ғылым саласындағы бақылау және аттестация комитетінің «Ғылыми дәрежелерді тағайындау ережелерінің» талаптарына сәйкес келеді.

Р. Закарьяның диссертациясы ғылыми жаңалығы жағынан, көлемі жағынан, алынған нәтижелердің маңыздылығы жағынан және жүргізілген зерттеулердің жоғары теориялық және эксперименттік деңгейі жағынан 8D02206 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы дәрежесін ізденуге ұсынылған жұмыстарға қойылатын ҚР ҒЖБМ білім беру және ғылым саласындағы бақылау және аттестация комитетінің «Ғылыми дәрежелерді тағайындау ережелерінің» талаптарына сәйкес келетіні және жұмысты қорғауға ұсынуға болатыны анықталды.