Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» ШЖҚ РМК

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты белгілі тарихшы-ғалым, ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжановтың 70 жасқа толуына орай 2023 жылдың 13 қазанында өтетін «Тарихтың қозғалысы және Қазақстандық жол: кезеңдері, сабақтары мен болашағы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты – академик Ханкелді Махмұтұлы Әбжановтың ғылыми шығармашылығы арқылы отандық тарихтың өзекті мәселелерін дүниежүзілік тарих контекстінде зерделеу, ұлттық тарихтың әлеуметтік және рухани аспектілерін, қазақ халқының тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің жаңғыруы жолындағы күресін, тарихтағы проблемалар мен жаңа ұстанымдарды айқындау, тарихи процестерді талқылау және қайта қорыту.

Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы – ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор. 1976 жылы ҚазМУ-дың тарих факультетін үздік бітірді. Еңбек жолын Целиноград инженерлік-құрылыс институтында философия және ғылыми коммунизм кафедрасының оқытушылығынан бастады. 1977-1979 жж. – ҚазМУ КСРО тарихы кафедрасының оқытушысы. 1979-1993 жж. – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері ретінде аға лаборанттан бөлім меңгерушісіне дейінгі жолдан өтті. 1993-1999 жж. – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі. 1999-2009 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі, осы университет жанындағы «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығы директорының орынбасары. 2009-2011 жж. – Мемлекет тарихы институты директорының бірінші орынбасары. 2011 жылғы мамыр айынан 2017 жылғы маусымға дейін – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры. 2017 жылдың тамыз айынан – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі.

Х.М. Әбжанов 600-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдардың, оның ішінде оннан астам монографиялық зерттеулердің, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Оларда ұлттық зиялылардың тарихи тағдырлары, ғылыми танымның теориялық-әдіснамалық мәселелері, отандық тарихты кезеңге бөлу мәселелері, ұлттық идея мен ұлттық тарихтың өзекті мәселелерін зерттеудегі жаңа концепциялар кеңінен қамтылып объективті бағаланды. Көне түркілердің тарихи санасының әлеуметтік-мәдени мазмұнын, олардың дүниетанымын, ұлттық зиялылардың қалыптасу бастауларын, кеңестік Қазақстан кезеңіндегі қоғам құндылықтарын талдай отырып, Қазақстан тарихының «ақтаңдақтарын» еңсеруге лайықты үлес қосты. Еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, араб, ұйғыр, түрік тілдерінде жарық көрді.

Х.М. Әбжановтың жетекшілігімен 15 ғылым докторы, 40 ғылым кандидаты дайындалды. Әр жылдарда диссертациялық кеңестердің жұмысына қатысып кеңестің мүшесі және төрағасы ретінде атсалысты. ҚР Жоғары аттестаттау комиссиясының тарих ғылымдары бойынша сарапшылық кеңесінің төрағасы болды. ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының мүшесі, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі, Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі төрағасының орынбасары болды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының (2008), Қазақстанның көрнекті ғалымдары (2009, 2011) иегері. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2003), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2007) төс белгілерімен, «Қазақ тілінің жанашыры» құрмет белгісімен (2008), «Астанаға 10 жыл» (2008) , «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Халық революциясы – 90» (2013) (Моңғолия) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары:

  • Академик Х.М. Әбжанов және оның Отандық тарихты зерттеуге қосқан үлесі: ғылыми және кәсіби жол;
  • Қазақстан және әлемдік тарих;
  • Өткеннің қасеретті беттері мен ерлік заманы;
  • Ұлттық тарихтың әлеуметтік және рухани аспектілері;
  • Тәуелсіздік пен мемлекеттілік үшін күрес;
  • Жаңа Қазақстан тарихшының көзімен.

Конференция офлайн және онлайн форматта Zoom платформасы арқылы өткізіледі:

Конференция идентификаторы: 844 4736 0157

Код: 151312

https://us02web.zoom.us/j/84447360157?pwd=emJ5RERBMWRGdWs0cU02VXB5a3lpZz09

Өткізілетін орны: 050100, Алматы қ., Шевченко көшесі 28, «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК-ныңОрталық ғылыми кітапханасы, 3-ші қабат, конференц-зал .

Конференцияныңбасталуы – сағ. 10:00, қатысушыларды тіркеу – 09:30-дан.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:тел.: +7(727) 261-67-19, 272-68-46, +7702 932 33 33 – Айжан Досқараева.   

Е-mail: kazhistory@bk.ru; doskaraeva@gmail.com    

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Конференция жұмысына қатысу үшін өтінімдеріңізді 2023 жылдың 1-ші қазанына дейін мына эл.пошталарға жіберулеріңізді өтінеміз: е-mail.: kazhistory@bk.ru; doskaraeva@gmail.com  

Конференцияның қорытындылары бойынша конференция материалдарының электрондық жинағын шығару жоспарлануда, материалдар 2023 жылдың 1-ші қазанына дейін қабылданады.

Конференцияға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші ұйымның есебінен.

Материалдарды рәсімдеу талаптары: Microsoft Word редакторында көлемі 8 бетке дейін, шрифт – Times New Roman, кегль – 14, жол аралығы – бір;  азат жолы – 15 мм, азат жолы шегінісі автоматты түрде орнатылады; жиектері: үстіңгі және төмеңгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм;  автордың аты-жөні, ұйымның атауы – оң жақтағы бұрышта; баяндама атауы бас әріптермен төменде ортасында орналастырылады, қала, мемлекет. Ғылыми дереккөздерге сілтемелер мәтінде айтылу реті бойынша тік жақшада реттік нөмірмен мақаланың соңындағы пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес көрсетілуі керек (мысалы, [1, 17-б.]). Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ

Аты-жөні (толық)                                                                                                             

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы):                                                                                   

Жұмыс орны, ұйымның толық атауы:                                                                                      

Қызметі:                                                                                                                                      

Байланыс телефондары, е-mail.::                                                                                             

Баяндаманың атауы:                                                                                                                 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті