Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ТҮРІКМЕНСТАН МҰРАҒАТШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ


6 маусым 2023 ж. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында директордың ғылым жөніндегі орынбасары Тілеубаев Ш.Б., директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Абдулина А.Т. және ғалым хатшы Құрманалина Н.Н. ҚР Президентінің Мұрағаты директорының орынбасары, т.ғ.д. Әлімғазинов Қ.Ш. қатысуымен Түрікменстан Республикасы Ахал велаяты мемлекеттік мұрағатының директоры Ақмаммедов А.К. және ТР Орталық мемлекеттік мұрағатының шаруашылық жүргізу бөлімінің меңгерушісі Я.З. Атаевпен кездесу өткізді.

Түрікмен қонақтары елімізде тұңғыш рет ҚР Президенті Мұрағатының шақыруымен Қазақстан мұрағатшылары және тарихшыларымен байланыс орнатуға мүдделі. Кездесу барысында екі тарап болашақта ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қою қажеттілігі туралы өзара пікірге келді.

Әлімғазинов Қ.Ш.: «Түрікменстан Орталық Азия мемлекеті ретінде бізді қызықтырады, архив ісі және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажет деп есептейміз. Түрікменстанның мұрағаттарында 1947 жылғы тарихи құжаттар сақталған, өйткені бұрынғы дереккөздер Ашхабадтағы жер сілкінісі кезінде жоғалып кеткен. Қазіргі таңда Ахал велаятының мемлекеттік мұрағаты 300-ден астам ұйыммен жұмыс істейді, мәселен, Президент Архивінде біз 47 ұйыммен жұмыс жасаймыз. Біз түрікмендік мұрағатшы әріптестерімізден қорларды ұстау, құжаттарды көшіруге көмектесу жөнінде кеңес алуға өте мүдделіміз, бірақ Түрікмен мұрағатында жұмыс істеуге рұқсатты Сыртқы істер министрлігі арқылы алу қажет».

Түрікменстанның мемлекеттік мұрағаты – Министрлер Кабинеті жанындағы Бас мұрағат басқармасы және оның құрылымына кіретін мемлекеттік мұрағат мекемелері өз қызметінде Түркіменстанның заңнамасын басшылыққа алады. Түрікменстанның орталық, Велаят және қалалық мемлекеттік мұрағаттары қоғамның, мемлекеттің, азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Түрікменстанның Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтауды, тұрақты сақтауды, есепке алуды және пайдалануды жүзеге асырады.

Кездесуге сондай-ақ Институттың этнолог-ғалымы, т.ғ.д., профессор А.У. Тоқтабай және т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Тарихнама, деректану және қазіргі заманғы әдіснама бөлімінің меңгерушісі А.Т. Қайырбаева қатысты.