Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1921-1922 ЖЖ. АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ (ЖАҢА АРХИВТІК ЖӘНЕ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ)» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА Қ.М. МУРЗАХОДЖАЕВТЫҢ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНА ҒЫЛЫМИ ІССАПАР ҚОРЫТЫНДЫСЫ


2023 жылдың 28 мамырынан – 11 маусым аралығында Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихи демография және Қазақстан халқы Ассамблеясы бөлімінің ғылыми қызметкері Мурзаходжаев Қуаныш Мәдиұлы «Қазақстандағы 1921-1922 жж. ашаршылық және оның салдары (жаңа архивтік және жазба деректер негізінде)» тақырыбындағы ғылыми жобасы аясында Павлодар қаласының облыстық архивінің қорларында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Қызметтік тапсырманың міндеттеріне сәйкес іссапар барысында жоғарыда көрсетілген архивтің қорларынан ғылыми жоба тақырыбы бойынша құжаттарды анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, жұмыс барысында Павлодар облысының мемлекеттік архивінің қорларымен танысып, 12-қор «Павлодар уездік жұмысшылар, шаруалар және қызыл әскерлер кеңесінің атқарушы комитеті» (Исполнительный комитет Павлодарского уездного совета рабочих, крестьянских и красноармейских депутатов); 38-қор «Павлодар уездік денсаулық сақтау бөлімшесі» (Павлодарский уездный отдел здравоохранения); 1466-қор «Уездік революциялық комитет» (Уездный революционный комитет); р-80 «Павлодар уездік жер басқармасы» (Павлодарское уездное земельное управление), т.б. қорлардың құжаттары қаралып, тақырыптың мазмұнын ашатын, статистикалық деректермен қуаттайтын құжаттардың көшірмелері алынды.

Павлодар қаласынан әкелінген кітаптар тізімі:

1. Насильственные политические кампании советской власти в отношении крестьянства в Павлодарском Прииртышье. 1920-1930-е гг. Сборник документов и материалов. Павлодар, 2022. – 466 с.

2. Гейнс А.К. Военный сборник. Год девятый. №1. – Санкт-Петербург. – 1866. – 272 с.

3. Ковалев П.А. Тыловые рабочие Туркестана в годы первой мировой войны (1916 – май 1917 гг.). – Ташкент: Государственное издательство Узбекской ССР, 1957. – 186 с.

Қазіргі уақытта жиналған архив материалдарды жоба бойынша дайындалатын құжаттар жинағы мен ұжымдық монография жазуға пайдалану үшін жүйелеу жұмыстары жүргізілуде.