
тарих ғылымдарының кандидаты, PhD
ЖОМАРТ ЖЕҢІСҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ
«Жетінші Ел – Қазақ Елінің жаңа ұлттық-мемлекеттік идеологиясы» атты кітабының тұсаукесерінің
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті және ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2023 жылғы 22 маусымда тарих ғылымдарының кандидаты, PhD Ж.Ж. Жеңіст «Жетінші Ел – Қазақ Елінің жаңа ұлттық-мемлекеттік идеологиясы» (2023) атты кітаптың тұсаукесерін өткізеді.
Жеңіс Жомарт Жеңісұлы 1972 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін тарихшы-шығыстанушы, парсы тілінің аудармашысы мамандығы бойынша бітірген.
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түркология институтында аға ғылыми қызметкер қызметін атқарған.
2015 – 2017 жылдары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ирантану кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшісінің экономикалық мәселелер бойынша көмекшісі қызметін атқарған (Иран). Елшіліктегі қызметтен соң Күлтегін атындағы (УИЯДК) ғылыми-зерттеу институтының директоры болды.
2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Ш.Ш. Уәлиханов Тарих және этнология институтының Қазақстан және көршілес мемлекеттердің ежелгі және ортағасырлар тарихы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері және меңгерушісі.
Автор 10-нан астам ғылыми еңбек жазған. Олардың ішінде: «Түркілердің дәстүрлі дүниетанымы: тарихи сабақтастық пен озгерістер» (2021), «Ежелгі және ортағасырлардағы Иран мен Тұран» (1998), «Мәңгілік Ел идеясы» (2013), т.б. бар.
Ж.Ж. Жеңіс өз кітабында Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік идеологиясының тарихи-идеологиялық негіздерін талдап, еліміздің идеологиялық саласын дамыту міндеттерін айқындап, жаңа идеологиялық пайымдау жүйесінің тетіктерін енгізу жолдарын ұсынады.
Тұсаукесердің мақсаты – Қазақстандағы жаңа ұлттық-мемлекеттік идеологияның тарихи негіздері туралы .
Презентация тілдері: қазақ тілі.
Қатысу формасы: офлайн.
Тұсаукесерге қатысуға ғалымдар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ БАҚ өкілдері шақырылады.
Іс-шараның басталуы: – 14.30.
Мекен-жайы: Алматы қ., көш. Тимирязев 46. ҚазҰУ. Әл-Фараби. Тарих факультеті, 405 ауд.
Байланыс телефоны: Дауытбекова М.- ҚазҰУ тарих факультеті деканының орынбасары, моб.: +7 702 524 7739.
Ұйымдастыру комитеті