Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТЭИ-ДЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЗИЯБЕК ЕРМҰХАНҰЛЫ ҚАБЫЛДИНОВҚА ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ АТАҒЫ БЕРІЛДІ


Маусым айының жиырма жетісінен шілденің бірі аралығында Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық Университеті мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен өткен конгрессте Қырғыз Ұлттық Университетінің ректоры, ҚҰ ҒА-ның корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Төлөбек Абылұлы Абдырахманов ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі т.ғ.д., профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдиновқа Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық Университетінің құрметті профессоры атағын ресми түрде табыстады.

Институт ұжымы т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдиновты «Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры» құрметті атағы берілуімен шын жүректен құттықтайды. Ресми түрде табысталған құрметті профессор атағы институт директорының Қырғыз Республикасы тарих қоғамдастығындағы жоғары ғылыми беделін көрсетеді.