Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 02-15.12.13


02-03.12.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Әбжанов Х.М. Киев қаласында өткен СНГ елдерінің тарих институттары директорларының кездесуіне қатысты, сондай-ақ Украина, Беларусия, Молдавия, Ресей, Қазақстан, Әзербайжан және Тәжікстан. ғылыми-зерттеу мекеме басшылары да қатысты. Кездесудің негізгі сұрағы II-ші Дүние жүзілік тарихты ұжымдасып жазу жұмысы талқыланды.

07.12.13. «Айқын» газетіне т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали мен ғылыми қызметкер Б. Әшімовтің «Ескерткіштануға арналған ғылыми орталық қажет» атты сұхбаттары жарияланды.

09.12.13. Директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары Н.Ә. Атығаев «Тәуелсіздік тұсындағы тарих ғылымы» тақырыбына «Асыл арна» теле арнасына сұхбат берді.

10.12.13. Шетелден ғылыми іс сапармен, МҚ «Репрессияға ұшыраған» санаққа (1937 және 1939 жылдарындағы бүкілодақтық санақ бойынша Қазақстан халқы: қорытындысы мен одан алған сабақ) қатысты құжаттарды Мәскеу мұрағатынан табу мақсатымен Уалтаева А.С. және КҒҚ Әпендиев Т.А. (Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімі)

10.12.13. Директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары. Атығаев Н.Ә «Артық туған Абылай (Қазақтың ұлы хан туралы бір кереғар пікірге жауап)» // «Абылайханның мұрасы: байланысы мен сабақтастығы»: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы қ., 10 желтоқсан 2013 ж.– 62-68 бб.

11.12.13. Институт Алматы қаласы әкімшілігі мен бірлесе, Алматы қаласындағы «Нұр-Отан» партиясының филиалымен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының Ассоцияциясы бірігіп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Қазақ көтерілістері: ақтаңдақтардан ақиқатқа» атты ғылыми-практикалық конференция өткізіп, Институт директорының орынбасары Смағұлова С.О., Бас ғылыми қызметкер т.ғ.д., Галиев В.З., т.ғ.д. Ксенжик Г.Н., т.ғ.к. Рахымқұлов Д.А. сөз сөйледі.

11.12.13. Директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары. Атығаев Н.Ә «Тәуелсіздік тарихы» тақырыбына ҚР ІІД Мамандандырылған «Күзет» бөлімшесіне дәріс оқыды.

12.12.13. Институт аясында «I –Нүсіпбеков оқулары» дөңгелек үстел өтті «Тәуелсіз Қазақстан: мәселелері мен алдағы жоспарлары». Негізгі баяндаманы  «Тәуелсіздік – биік тұғырымыз» тақырыбына директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары. Атығаев Н.Ә оқыды. Қызметкерлеріміз Галиев В.З., Ксенжик Г.Н., Әлімғазинов Қ.Ш. Несипбаева Ж.Ж., Құрманалиналар тарапынан ғылыми хабарламалар баяндалды.

13.12.13. «I –Нүсіпбеков оқулары» өту аясында «Көптомдық және ұлттық тарихты зерттеудегі Әлемдік тәжірибе» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен өтті. Конференцияға ҚХР көрнекті ғалымдар қатысты.

19.12.13. Институтта «І-ші Нүсіпбеков оқулары» бойынша «тарих ғылымының әдісі және әдістемесі: әлемдік тәжірибе және Қазақстан тарихы» атты дөңгелек үстел институт директорының кіріспе сөзімен ашылып, оның жұмысы барысында т.ғ.д. С.Ә. Жәкішева бас баяндама жасап, ғалымдар  Б.М. Сужиков, Қ.Ш. Әлімғазинов, Ж.Б. Әбілқожин, Ж.Ж. Несіпбаевалар ғылыми хабарламалар жасады.

19.12.13. Институттың ғылыми қызметкеір Д. Жәйлібаевтың «ҚазҰУ хабаршысы» журналының 3 санына «Қазақстандағы оралман жастардың экономикалық әулеті» атты мақаласы жарияланды.