Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН МЕТОДОЛОГИЯСЫ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» атты дөңгелек үстел


Жәкішева С.А. «Тарих ғылымының әдістері мен методологиясы: әлемдік тәжірибе және Қазақстан тарихы» тақырыбындағы баяндамасында пәнаралық мен тарих методологиясына  жаңа технологияларды қолдану мәселелері бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Оның айтуынша, бүгінгі таңдағы Батыстағы тарих методологиясы аса ірі технологиялық базаға ие және математикалық және инновациялық әдістер негізінде айтарлықтай жетістіктерге жетуде.

«Қабылдау стратегиясы» және «өткенге оралу» сынды екі негізгі формалы пәнаралық байланыстарды қарауға бағыттаған И.М. Савельев пен А.В. Полетаеваның кітаптары жарыққа шықты.

 «Өткенге оралу»

Пәнаралық байланыс тарихи теориялар мен әдістер, сонымен қатар әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың нақты мәселелерін зерттеумен байланыстырылады. Пәнаралық байланыс бағытында (мәселен, әлеуметтік тарих – тарихи әлеуметтану немесе экономикалық тарих – тарихи экономика) сонымен бірге тарихи және басқа да ғылымдарға қатысты.

ХХ ғ. екінші жартысында ғылым дамуының негізгі үдерістері.

ХХ ғ. ортасында интеграциялық үдерістер нәтижесінде әдіс-тәсілдер, түсініктілік аппарат, методикалық, техникалық және технологиялық нұсқаушылық және кешенді ғылымдар – математика және информатика – тарих ғылымы саласына ене бастады.

1960 жж. ғылыми-техникалық кезеңінде тарих ғылымын кең көлемде математикаландыру мен машинизациялау үрдістерінің дамуы, ғылыми бағыттар – тарихи деректерді зерттеуде математикалық статистика әдістерін қолдану, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды компьютерлік технологиялар базасында қолдану аясында –  квантативті тарих қажеттілігі туды.

Белгілі бір мәселені шешу үшін көптеген әдебиеттермен танысуға тура келеді. Ал, қазірде ағылшын тілін меңгермеген және зерттеудің жаңа әдістерімен таныс емес жас ғалымдар мүлде хабарсыз қалып отыр. Аталмыш мәселені шешу үшін Сәуле Аукенқызы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтына жаңаша құнды кітаптардың электронды кітапханасын құруды ұсыныс етіп білдірді. Сол кезде ғана жас ғалымдар әлемдік әдебиеттерден хабардар бола алады.

Сужиков  Б.М. «Қазіргі этникалық бірегейлік анықтамасы» тақырыбындағы баяндамасында аталмыш мәселеге батыс тарихнамасындағы қазіргі үдерістерді талқылады.

«Батыс кеңістігінде дәстүрлі және бірегейлік анықтамалардың негізгі белгілері немесе қоғамдастық, тіпті қоғамдық топтардың этникалық танымы ескеріледі. Нәтижесінде бір этникалық популяцияның мүшелерін қарастырады. Этникалық таным қашан да іргелі болып қала отырып, көпқырлы, дүниетанымдық және саяси бағыттармен байланыста қалып отырады.

«Ұлттардың түрлі мәдени және тарихи тамырлары, сонымен қатар өз болашағына болжам жасау Еуразия үшін тән үрдіс» – деп неміс зерттеушісі Г. Зимон атап өтті.

Бірегейлік тамырлары Вискон университетінің профессоры Кемал Карпаттың «Орталық Азияның географиялық масштабы» концептуалдық еңбегінде қарастырылады.

Оның пікірінше, Орталық-Азия халықтары арасындағы бірегейлік ортақ топқа, әлеуметтік және саяси базаның ұлттық қалыптасуын қамтамасыз етеді.   Оның тетіктері мынадай: Баршамызға белгілі, инвидуум бір-біріне параллель болуы мүмкін бірнеше бірегейлікті – әлеуметтік, саяси, діни қырынан қалыптасуы мүмкін. Бірақ, екеуінің бірі арнайы немесе байқаусызда әрекет етпесе бір-бірімен кедергіге ұшыраспайды.

Жеке және топтық бірегейлік кейбір жағдайларда бір-біріне белгілі дәрежеде араласуы мүмкін, атап айтқанда, екеуінің бірінің бастапқы қырлары өзгерген жағдайда орын алады. Дегенмен, бастапқы дерек қандай болмасын, жалпы өзіндік қырын жоғалтпайды. Әлеуметтік-мәдени бірлік сақталады».

Карпат айданында бастапқы топтық бірегейлікте жанұялық туысқандық және діни және тілдік байланыстар қарастырылады. Одан бөлек саяси ұйымдар да негізделеді. Орталық Азиядағы бірегейліктің басты дерегі рөлінде діни оқылым ретінде исламды шығарады. Сонымен қатар, қоғам мен мәдениетке жаңа бірегейлік және жаңа динамизм береді, территорияда дәстүрлі тарихи-мәдени үрдістердің дамуын сақтайды.

Несіпбаева Ж.Ж. Кеңестік тарихнамадағы «тарихи факт» түсінігі тақырыбында баяндамасында ХХ ғ. 60-80 жылдарындағы кеңестік тарихнамадағы тарихи зерттеулердің методологиялық мәселелерін талқылады.

Зерттеушінің пікірінше, тарихи таным үрдісінің басты мәселесі тарихи факт болып табылады. Аталмыш мәселе теориялық-танымдық қырынан және олардың интенсивті өңделуіне қызығушылық туғызды.

Тарихи факт – тарихи білімнің іргелі санаты. Тарих ғылымының табиғаты мен барлық ғылыми теориялардың негізін фактілер құрайды. Тарихнаманың танымдық мүмкіндіктерін тек қана тарихи факт аша алады. Сол себепті де, тарихи факт мәселесі тарих методологиясына қатысты барлық еңбектерде маңызды орынға ие. Тарих ғылымынды тарихи фактіні зерттеу тек ХХ ғ. бастап орын ала бастады.

Ғылыми факт табиғаты мен оның танымдық маңызы мен мәні кеңес зерттеушілерінің еңбектерінде көрініс табады.

М.В. Нечкин [26; 6-26 бб.],
М.А. Барг [100; 86 б.], В.В. Косолапов [99; 14-18 бб.], А.И. Ракитов [90; 28-30 бб. ],В.Н. Орлова [101], В.П. Подосетник [102], М.А. Варшавчик [21],
Л.С. Мерзон [03] және т.б. еңбектерінде көрініс табады. М.В. Нечкина,     В.В. Подосетник  еңбектерінде тарихи факт тарихи құжаттардағы өткеннің сарқыншақтары, бейнесі, таңбасы ретінде қарастырылады. В.В. Дорошенко [104], А.Я. Гуревич [105], В.С. Библер [106], Г.М. Иванов [17; 73-81 бб.] және басқалар ғылыми таным логикасы, оның негізгі түсінігі және танымдық кезеңдері, тарихтың ғылым ретіндегі ерекшелігі, тарих ғылымының методологиясы, тарихи фактілер, фактілердің интерпретациялық статистикасы, қоғамдық қатынастардағы гнеосологиялық фактілердің мәні және т.б.

ХХ ғ. 80 жж. А.П. Лисовинаның  «Категория «исторический факт» в марксистской и буржуазной методологии истории» атты еңбегі жарыққа шықты. Аталмыш еңбек 60-70 жж. кеңестік зерттеулерге талдау болып табылады. Автор тарих ғылымы және буржуазиялық методология сыны теориялық-методологиялық мәселелері аясында тарихнамалық жалпылау жасауға тырысады.

А.П. Лисовина тарихи фактіні төмендегідей логикалық-гнесологиялық құрылымын бөліп көрсетеді:

Тәжірибе көрсетеді:

факт-оқиға,

тарихи шынайылық фактісі,

тарих фактісі

Мұның барлығы қоғамдық-тарихи үрдісті баяндайды.

2) Деректану зерттейді:

факт-дерек,

факт-ақпарат,

дерек хабарламасы

Бұл санаттар да шынайылықтың тәжірибелік мәнін ашады.

3) Тарих зерттейді

факт-білім,

тарихнамалық факт,

ғылыми-тарихи

Бұл құрылым (әрине, тура және тереңдетілген түрде) тарихи фактінің логикалық-гнесологиялық бірлігі туралы түсінік береді.