Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ЖАС АЛАШ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАДЫ


Бірінші тамыз 2023 ж. Республикалық БАҚ-пен ынтымақтастық арттыру мақсатында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының басшылығы 1921 ж. негізі қаланған «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газет директоры жазушы-драматург Алмас Нүсіпмырзамен ресми түрде ынтымақтастық орнатып қайтты.     

Институт басшылығы ҚР стратегиялық маңызы бар институт ұжымының бүгінге дейін жасаған орасан зор ғылыми еңбектері мен жетістіктерін тілге тиек ете отырып, келешектегі даму жолдарымен бөлісті. 

Ынтымақтастық орнату барысында қос тарап та өздерінің көкейкесті пікірлерін ортаға салып, қоғамымыздағы түйіткілді мәселелерді талқылады. Нақтырақ айтсақ: 

1. Мектеп оқулықтарына қатысты дөңгелек үстелдер ұйымдастыру; 

2. Республикалық «Жас Алаш» газетінде ғалымдарымыздың мақалаларын үздіксіз жариялау арқылы халықтың тарихи санасын арттыру; 

3. Ортақ тақырып белгілеп, ғалымдар арасында пікір алмасу отырысын ұйымдастыру арқылы қарапайым қалың оқырман алдындағы академиялық ғалымдардың танымалдылығын арттыру;

4. Сондай ақ, институт ғалымдарының жазған ғылыми еңбектерін қалың бұқара халыққа кеңінен насихаттау;  

5. Оқырмандарға қызықты деген, тарих қалтарысында қалған тақырыптарды жариялап отыру және т.б. тақырыптар көтерілді. 

Осы орайда, «Жас Алаш» газеті Республикалық деңгейдегі ірі БАҚ өкілі болғандықтан, қастерлі Отанымыздың тарихын халық жадында жаңғырту кезек күттірмес маңыздылыққа ие екендігі де назардан тыс қалмады.     

Кездесу соңында институт басшылығы «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газет директоры жазушы-драматург Алмас Нүсіп мырзаға ресми ынтымақтастық хатын табыстап, естелік кітаптарын сыйға тартты.  

ҚР ҒЖБМ ҒК, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының кеңесшісі Олжас Бекенұлы Қуанбай