Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНА ҒЫЛЫМИ ІС-САПАР ҚОРЫТЫНДЫСЫ


Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. А.Т. Қайпбаева 23 шілде – 13 тамыз, 2023 ж. аралығында «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін және ақтау процестері: біріңғай деректер базасын құру» БНҚ жобасы бойынша Ұлытау облысына ғылыми іс-сапар жұмысын жүзеге асырды.

Мақсат: жоба тақырыбы аясында ғылым және мәдени мекемелерде зерттеу жұмысын жүргізу, сондай-ақ, кеңестік дәуірдегі тоталитарлық жүйе салдарынан зардап шеккендер мен саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық белгіленген санаттары бойынша ұрпақтарынан сұқбат алу негізінде халық жадындағы естеліктерді жинақтау.

Осы орайда, атқарылған жұмыстар (тапсырмаға сәйкес): Ұлытау облысының мемлекеттік архиві; Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы» КММ; Жезқазған қаласының тарихи-археологиялық мұражайы; Қ.И. Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайы; «Тағзым» қоғамдық бірлестігі; Ұлытау ауданының мемлекеттік архиві; Сәтбаев қаласының мемлекеттік архиві қорларындағы құжаттар көтеріліп, қаралды. Құнды құжаттардың фото және скан көшірмелері алынды.

Бұдан өзге, 1920-1950 жж.саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарынан сұхбаттар алынып, халық жадындағы естеліктер негізінде жоба тақырыбына қатысты кешенді зерттеу шаралары назарға алынып, орындалды.

Сонымен қатар, ғылыми мекемелермен әріптестік байланыс орнату аясында да ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Жезқазған қаласының тарихи-археологиялық мұражайы директоры З.Ш. Калменовамен және ұжыммен; Тарихи-өндірістік мұражайы жетекшісі Балкенов Кенжал Балкенұлымен; Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының директоры Нұрмаганбетов Ерлан Ермакұлымен кездесу орын алып, нәтижесінде аталған мекемелер мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қабылдашұлы, аталған басқарма қызметкері Дана Мұратқызымен, Мемлекеттік комиссияның Ұлытау облыстық жұмыс тобы мүшелерімен және Ұлытау облысының мемлекеттік архиві директоры Орынбасарова Дәметкен Қаражанқызы және архивистермен бірлескен белсенді жұмыстар атқарылды. Қорытындысында, Ұлытау облысының мемлекеттік архивімен ғылыми бағытта бірлесіп жұмыс жасауға, ынтымақтастық туралы келісімге уағдаласты.

Бүкіров Нұрмағанбет – саяси қуғын сүргін құрбаны (ақталған). Сұхбат берген: ұрпағы Бүкіров Төлеген Нұрмағанбетұлы

Ұлытау облысының мемлекеттік архиві оқырман залында

Тарихи-өндірістік мұражайы жетекшісі Балкенов Кенжал Балкенұлы және Мемлекеттік комиссияның облыстық жұмыс тобы мүшелері Дана Мұратқыхы, Алтынай Өмірбайқызы

Ұлытау облысының

қоғамдық даму басқармасының басшысы

Дархан Қабылдашұлы