Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстанның этникалық тарихын және мемлекеттілігін зерттеу мәселелері: жаңа көзқарастар – тың материалдар» атты дөңгелек үстел


20.12.13 ж.

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТЭИ «Қазақстанның этникалық тарихын және мемлекеттілігін зерттеу мәселелері: жаңа көзқарастар – тың материалдар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Институт директоры Х.М. Әбжанов кіріспе сөзінен бастады

т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев «О некоторых атрибутах государственности в Казахском ханстве» тақырыбында Жошыдан кейінгі мемлекеттердің мемлекеттік символикалары – мөрі, тәжі, таңбалары, т.б. туралы мәлімет берді. Баяндама барысында ортағасырлық араб-парсы деректеріндегі миниатюралар интерактивті тақтадан көрсетілді.

т.ғ.д. З. Қинаятұлы «Қазақ хан-сұлтандарының шежіресі моңғол деректерінде» тақырыбы бойынша қазақ хандарының арғы атасы кімнен тарайды деген сұраққа моңғол деректері бойынша жауап берді. Ол қазақ хандары Тоқай Темірден тарайды деген жаңсақ пікір, Орда Еженнен тарайды деген пікірді моңғол деректері растайтынын дәлелдеді. Баяндама барысында моңғол тіліндегі шежіре-деректердің кейбірін интерактивті тақтадан слайд ретінде таныстырып шықты. Сондай-ақ ҚожаАхмет Яссауи кесенесіндегі хандар шежіресі жазылған көктаста жазылған қателікті жөндеп, қазақ   Орда Еженнен тарайды деп түзетсек деген ұсыныс жасады.

т.ғ.к., доцент К.З. Өскенбай: «Народ и государство Восточного Дашт-и Кыпчака XIII–XV вв. в зарубежной (англоязычной) историографии»/  «XIII-XV ғғ. шетелдердің(ағылшын) тарихнамасындағы Шығыс Дешті-Қыпшақ халқы және мемлекеті » баяндама бойынша англотілдік тарихнаманың Алтын Орда, Ақ Орда, Шыңғысхан ұрпақтары құрған мемлекеттердің тарихына қатысты зерттеулеріне кеңінен тоқталып өзінің баяндамасында Шығыс Дешті-Қыпшақ халықтары мен мемлекетінің тарихнамасына қатысты  шетелдік ғалымдардың шыққан еңбектерімен таныстырды.  Баяндама иллюстрияциялық материалдармен, кітаптармен байытылды.

 т.ғ.к. Ә. Дәулетхан  тақырыбы: «Ұлттық идеяның этникалық тұтастанудағы тарихи рөлі»  атты баяндамасын қорытындылай келе қазақ халқының этникалық тарихы түркі халықтарының тарихымен ұштасатынын айтып кетті.  Сондықтан бұл мәселені біз тұтас қарастыруымыз керек.

Институттың кіші ғылым қызметкері Ө.Қанай: «Германиядағы Қазақстан мемлекеттілігі мен этникалық тарихына қатысты зерттеулер мен деректер» атты баяндамада Германиядағы қазақ тарихына қатысты деректер мен зерттеулерге арналды және де жинақталған суреттермен байытылды.

Институттың кіші ғылым қызметкері  А. Арепова  «Тәуке хан және «Жеті Жарғы» баяндамасында Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдарының шығу себептеріне, тарихи маңызына тоқталды.