Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АСТАНА ҚАЛАСЫНА ҒЫЛЫМИ ІССАПАР


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев, ғалым хатшы Н.Н. Құрманалина 2023 жылдың 1-15 тамыз аралығында «ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың ағартушылық қызметі» атты гранттық қаржыландыру жобасы бойынша ғылыми іссапарда болып қайтты.

Ғылыми іс-сапардың мақсаты Астана қаласындағы  Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қолжазалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы қорларындағы зерттеу тақырыбына қатысты материалдарды анықтау, жинақтау, ғылыми ізденістер жүргізу. 

Қазақстан Респубикасының Ұлттық архивінде №83 «Шетел  мемлекеттерінің архивтері, кітапханалары және ғылыми мекемелерінен алынған құжаттар көшірмелерінің коллекциясы» қоры бойынша бірқатар істер қарастырылды:

  1. Д. 56. Отчеты о работе президиума Комакадемии, институтов секции, общества, комиссий, издательства и  библиотеки за январь-ноябрь 1927 г., отчет о докладах за 1926-1927 гг.;
  2. Д. 57. Протоколы заседаний бюро Президиума Комакадемии. 3 января – 22 декабря 1928 г.;
  3. Д. 58. Протоколы заседаний бюро комиссий по изучению Нцвопроса при Комакадемии и Документы к ним. 25 қаңтар – 4 қазан 1928 ж.;
  4. Д. 59. Годовые отчеты о работе института за 1926-1928 гг.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қолжазалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, зерттеу тақырыбына қатысты басылымдар анықталды. Нәтижесінде ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар туралы, олардың ағартушылық қызметіне қатысты «Сауат мектептерінің программалары. Ана тілі, Арифметика (Қала мен ауыл мектептеріне) / ред. А. Әлібаев. – 2-басылым. – Қызыл-Орда: Қазақстан баспасы, 1935. – 22 б.», «Қазақстанда сауатсыздықты жою жұмысы туралы Ленин декретінің 16 жыл толуына арналған Алматы қалалалық Советінің пленумынағы баяндамасы, 1935. 26 дек. Жүргенов Т. – Алматы: Қазақстан баспасы, 1935» сияқты еңбектер, жекелеген мақалалар, кітаптар, мерзімдік басылымдар анықталып, олардың көшірмелері алынды.

Жалпы алғанда, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Қазақстанның қоғамдық ұйымдарының ағартушылық қызметіне қатысты материалдардың (кітаптардың, мақалалардың және т.б.) 30 бірлік көлеміндегі фотокөшірмелері мен электрондық нұсқалары алынды.

Сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығының қорынан 60-тан астам кітаптар тақырып бойынша анықталып, көшірмесі алынып, библиографиялық қоры жасалды. Зерттеу тақырыбы бойынша құрылымын құру, әдіс таңдау, тақырып бойынша деректерді анықтау жұмыстары толыққанды жүзеге асырылды. ҚР Орталық мемлекеттік архиві, ҚР Президенті архиві, Ақмола облысының мемлекеттік архиві, Астана қалалық архиві қорларынан 50 парақтың көшірмелері алынды.  Астана қаласы мемлекеттік архивінің Р-98, Р-116, Р-123, Р-272, Р-351 қорларындағы 1,2 тізбелердің көптеген істері қаралды (Әрбір папкада кем дегенде-4000 астам парақ бар), Ақмола облысының мемлекеттік архивінің (Көкшетау қаласында орналасқан): 67, 69, 1304, 145 – қорларындағы істер қарастырылып, қажетті парақтардың көшірмелері жасалды.  

Төменде көшірілген құжаттардың үлгі ретінде кейбір бөлігі көрсетілді. Толығымен монографияда беріледі.

Сурет 1. «Әйел теңдігі». 1927 ж. №4(16). Ұлттық академиялық  кітапхананың «Кітап мұражайы» қорынан, Астана қ.

Сурет 2. Қазақстанды зерттеу қоғамының жарғысы. Ұлттық академияляқ кітапхана қорынан алынды. Астана.

Сурет 3. ҚЗҚ мүшелік билеті. Ұлттық акдемиялық қорынан алынды. Астана.

Сурет 4. Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің Семейдегі бөлімшесі . Ұлттық акдемиялық қорынан алынды. Астана.

Сурет 5. Нәзипа Сегізбай қызы мен Нұрғали Құлжанов. (Кәріпжанова Г.А. Нәзипа Құлжанова. Семей, 2012. – 198. – кітабынан алынды).

Сурет 6. Өлкелік әйелдер курсы оқытушылары. Оң жақтан: Байноғайұлы Балқай, Шерзатұлла келіні Хадиша, Бекбатырұлы, Арыққызы Нағима, Есқызы Сара (оқу бөлімінің меңгерушісі), Досайқызы Бану (курс меңгерушісі), Мұқанұлы Есқали. Ұлттық академиялық кітапхананың «Кітап мұражайы» қорынан. Астана.

Сурет 7. Өлкелік әйелдер курсының оқушылары. Ұлттық академиялық  кітапхананың «Кітап мұражайы» қорынан алынды. Астана.

Сурет 7. ҚЗҚ есебі. “Еңбектер” архив қорынан. Астана.