Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт атынан құттықтау


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы тарих ғылымдарының докторы PhD Закарья Рахметолланы XX ғ. Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалуымен құттықтайды.

Закарья Рахметолла 01.09.2019 ж. бастап Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында қызмет етті. 2017 ж. Болонья университетінде (Болонья, Италия) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша магистратураны бітірді.

2023 ж. 4 шілдеде «8D02206» – тарих мамандығы бойынша әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінде «Кеңес үкіметінің еуропалық эмигранттар мен иммигранттарға қатысты саясаты (XX ғасырдың 20-40 жылдары)» тақырыбында PhD диссертациясын қорғады.

Институт Закарья Рахметолланы XX ғ. Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі қызметімен құттықтайды.

Ұжым Сізге (Рахметолла Закарья) еңбек жолыңызда және ғылыми жобаларыңызда үлкен жетістіктер тілейді. Біз Сіздің кәсібилігіңіз бен тәжірибеңіз, сондай-ақ жеке қасиеттеріңіз Институтымыздың игілігі үшін тиімді жұмыс істеуіңізде көмектесетініне сенімдіміз.

Алға қойған міндеттерді орындауда табыс, зор денсаулық және амандық тілейміз!

Құрметпен, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының ұжымы!