Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ  ҚАЛАСЫНА ҒЫЛЫМИ ІССАПАР


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалым хатшысы Н.Н. Құрманалина 2023 жылдың 23 тамыз – 4 қыркүйек аралығында «Қазақ мемлекеттілігінің тарихи дәстүрлері және ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелері» атты ғылыми іргелі зерттеу бойынша Санкт-Петербург (РФ) қаласына іссапарға барып келді.

Ғылыми іссапардың негізгі мақсаты  Санкт-Петербург қаласындағы Ресей мемлекеттік тарихи архивінің (РГИА) қорларынан зерттеу тақырыбына қатысты материалдарды анықтау, жинақтау, ғылыми ізденістер жүргізу. 

Жұмыс барысында Ресей мемлекеттік тарихи архивінің 1291. «ЗЕМСКИЙ ОТДЕЛ МВД» (оп. 81. 1792-1866 гг. ОЦ) және 1264 «Первый Сибирский комитет» (оп. 1. 1752-1838 гг. ОЦ) қорлары бойынша төмендегі  және т.б. істер қарастырылды:

  • Первый Сибирский комитет. Национальная политика и народы Сибири. Дело о введении в действие “Устава о сибирских инородцах”. 1822 г. (Ф. 1264 Оп. 1 Д. 267. – 42 л.);
  • Первый Сибирский комитет. Национальная политика и народы Сибири. Дело по проекту “Устава о сибирских инородцах” (Ф. 1264 Оп. 1 Д. 266. – 145 л.);
  • Первый Сибирский комитет. Национальная политика и народы Сибири. Дело по проекту “Устава о сибирских инородцах”. Ведомость о числе представителей народностей Сибири, платящих ясак. (Ф. 1264 Оп. 1 Д. 265. – 323 л.);
  • Первый Сибирский комитет. Национальная политика и народы Сибири. Проект “Устава о сибирских инородцах” (Ф. 1264 Оп. 1 Д. 264. – 200 л.);
  • Дело по представлению генерал-губернатора Западной Сибири о взаимоотношении России с Китаем в связи с вопросом охраны границ в Сибирской степи (Ф. 1264 Оп. 1 Д. 261. – 42 л.);
  • Земский отдел Министерства внутренних дел. 1800 г. Переписка с султаном Средней орды Вали-Аблаевым (Ф. 1291 Оп. 81 Д. 3. -120 л.).

Нәтижесінде аталған қорлар бойынша 20 жуық іспен танысып, қажеттілерінің (1750 астам парақтардың) фото көшірмелері жасалды.

Ресей мемлекеттік тарихи архивінің кітапханасына және Ресей ұлттық кітапханасына Институт кітаптары сыйға берілді.