Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

03.10.2023 жылғы «Scopus бойынша мақала дайындау» атты тәжірибелік вебинар


2023 жылғы 3 қазанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкерлері үшін «Scopus бойынша мақала дайындау» атты тәжірибелік вебинар ұйымдастырды. Вебинарды MD, MPH, Elsevier Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша кеңесшісі Хожамқұл Рабиға Алтайқызы жүргізді. Вебинар барысында Scopus көмегімен мақаланың қаралымын көтеру үшін өзекті тақырыпты таңдау, Scopus-та өзара ынтымақтастықты жасау жолдары, ғылыми зерттеу бағыты бойынша шетелдік жетекші іздеу әдістері қарастырылды. Спикер Scopus-та қалай тегін мақала жариялауға болатынын, Индекс Хиршаны реттеу жолдарын түсіндірді. Тәжірибелік вебинарға Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкерлерімен қатар, басқа да ғалымдар, докторанттар қатысып, өз сауалдарына жауаптарын алды.

Рабиға Алтайқызының пікірінше, Scopus-та мақала жариялау арқылы біз басқа да елдердегі ғылыми ортамен коммуникацияға түсе отырып, танымалдылығымызды арттырып қоймай, жаңа жобаларды жүзеге асыруда қаржы мүмкіндігі ретінде де, PhD қорғау барысында да қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар жобалар, PhD диссертациялар бірнеше гипотезалардан тұрғанымен, мақалада бір гипотеза көлемінде айту қажеттілігін, оқырмандарға қызықты болуы үшін пәнаралық байланыста жазылса аудиториямыздың кеңейетінін келтірді. Сондай-ақ деректерді жинап, талдап болған соң, журналды іздеген дұрыстығын, содан кейін ғана мақаланы жаза бастаған дұрыс болады екен. Рабиға Алтайқызы Scopus бойынша журналдарды іздеу, журналдардың мақсат-міндеттерімен танысу, ондағы мақалаларды оқу, авторлармен байланыстар орнату жолдарын, т.б. тәжірибе жүзінде көрсетіп өтті.

Көптеген қатысушылардың сұрауы бойынша вебинар видеосының сілтемесі: https://drive.google.com/drive/folders/14pin5y1lYWVKbkjel8Wk-4XCnwk7Si21?usp=sharing

«Scopus бойынша мақала дайындау» атты вебинарды MD, MPH, Elsevier Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша кеңесшісі Хожамқұл Рабиға Алтайқызына Scopus бойынша мақала дайындау барысын тәжірибе жүзінде көрсете отырып, жан-жақты түсіндіргені үшін алғысымызды білдіреміз.