Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

Құрметті әріптестер!

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2023 жылғы 12 қазанда ҚР ҒЖБМ қаржылай қолдауымен орындалудағы №АР09259227 жобасын жүзеге асыру аясында «ХХ ғ. 20-шы жылдардың басындағы Қазақстан мен оған іргелес аумақтардағы ашаршылықты зерттеу мәселелері: себептері, көлемі және тарихи салдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізеді.

Қазақстандағы XX ғасырдың 20-жылдарындағыашаршылық пен оның салдарлары мәселесі бойынша зерттеулер қазіргі тарихнамада өзекті болып табылады. Осы уақытқа дейінгі отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстандағы 1920 жылдардың басындағы ашаршылықтың барлық қырлары толық зерттелді деуге болмайды. Ашаршылыққа байланысты деректер болып табылатын аймақтық және шетелдік архивтерде жинақталған құжаттар, сол кездің мерзімді басылымдарында жарияланған мақалалар мен хабарламалар және т.б. түрлі ақпараттар көпшілік оқырмандар қауымына жете алмады. Сондықтан, зерттеушілердің алдында ашаршылықтың себептерін, ресми билік пен шетелдік ұйымдардың аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету ерекшеліктерін зерделеудің теориялық-әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу, босқындар мен панасыз балаларының тағдырын зерттеу, құрбандар мен зардап шеккендердің санын, аштық кезеңіндегі халық көтерілістері мен қарсылықтар қозғалысына қатысушыларды анықтау, ашаршылыққа қарсы орталық және жергілікті комиссиялардың қызметі мен ашаршылықтың салдарымен күресуін кешенді зерттеу міндеті тұр.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

– зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері, ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ашаршылық бойынша жаңа дереккөздер мен тарихнама;

-1920 жылдардың басындағы ҚазАКСР-індегі, Түркістан АКСР-індегі және РКФСР-дің басқа аймақтарындағы ашаршылықтың себептері мен ауқымы: жалпы белгілері мен ерекшеліктері;

– Қазақстандағы 1920 жылдардың басындағы ашаршылық кезіндегі халықтың демографиялық шығыны және босқыншылық, балалардың панасыздығы мәселелері;

– 1920 жылдардың басындағы ашаршылық жылдарындағы Қазақстан мен Сібірдегі халық көтерілістері мен наразылықтар;

– Қазақстандағы аштыққа және оның салдарына қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар және шетелдік және басқа да ұйымдардың аштыққа ұшырағандарға көмек көрсетуге қатысуы;

– Қазақстан мен іргелес аймақтардағы 1920 жылдардың басындағы ашаршылықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси және этномәдени салдарлары.

– XX ғасырдың 20-30 жылдарындағықазақ даласындағы ашаршылық: компаративті зерттеулер.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысының басталуы: 2023 жылғы 12 қазан, сағат 10.00.

Өткізу формасы: Zoom платформасындағы онлайн режим (конференцияидентификаторы: 841 9620 3471, кіру коды: 209187).

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару жоспарлануда. Конференцияға қатысу үшін өтінімдер 10 қазанға дейін және конференция жинағына қосу үшін мақалалар мәтіндері 18 қазанға дейін электрондық нұсқада «Конференция. Ашаршылық» белгісімен rbaidali@mail.ru мен bek.alma_81@mail.ru e-mail-на қабылданады.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақала көлемі – Microsoft Word редакторында 10-12 беттен артық емес; шрифт Times New Roman, кегль 12; жоларалық интервал – бір; азат жол – 1 см, азат жол автоматты түрде орнатылады; жоғарғы және төменгі – 2, сол жақ – 3, оң жақ – 1,5; автордың аты-жөні, жұмыс орны (ұйымның атауы) – оң жақ бұрышта; баяндаманың атауы бас әріптермен төменде ортасына, қаласы, елі орналастырылады. Дереккөздерге сілтемелерді шаршы жақшада реттік нөмірмен (мысалы, [1, 65-б.]), еске алынуына қарай, пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес, мақала мәтінінің соңында орналастыру керек.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Астана қаласы филиалының директоры М.М. Қозыбаева (8777-367-80-83), жетекші ғылыми қызметкер Р.Ж. Байдалы (8775-143-39-35), ғылыми қызметкер А.А. Бекенова (8705-775-23-93).

Конференцияға қатысуға өтінім

 Толық аты-жөні 
 Жұмыс орны, лауазымы 
 Ғылыми дәрежесі және атағы 
 Байланыс мекен-жайы және телефоны, e-mail: 
 Баяндама тақырыбы 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті