Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстандағы 1921-1922 жж. ашаршылық және оның салдары (жаңа архивтік және жазба деректер негізінде)» жобасы аясында Қ.М. Мурзаходжаевтың Тюмень қаласында болған ғылыми іссапар қорытындысы


2023 жылдың 25 қыркүйегінен – 06 қазан аралығында Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихи демография және Қазақстан халқы Ассамблеясы бөлімінің ғылыми қызметкері Мурзаходжаев Қуаныш Мәдиұлы «Қазақстандағы 1921-1922 жж. ашаршылық және оның салдары (жаңа архивтік және жазба деректер негізінде)» тақырыбындағы ғылыми жобасы аясында Тюмень қаласының облыстық архивінің қорларында (Государственный архив Тюменской области) ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Қызметтік тапсырманың міндеттеріне сәйкес іссапар барысында жоғарыда көрсетілген архивтің қорларынан ғылыми жоба тақырыбы бойынша құжаттарды анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, жұмыс барысында Тюмень облысының мемлекеттік архивінің қорларымен танысып, Р44-қор Тюменский уездный исполнительный комитет; Р2-қор Тюменский губернский исполнительный комитет Совета рабочих, крестьянских и красноармейских депутатов г. Тюмень (Губисполком); Р14-қор Отдел здравоохранения Тюменского губернского исполкома Советов рабочих, крестьянских и красноармейских депутатов); Р3-қор Тюменское губернское экономическое совещание (Губэкосо); Р251-қор Тюменское земельное управление губернского исполнительного комитета рабочих, крестьянских и красноармейских депутатов; Р378-қор Тюменский губернский комитет помощи голодающим, т.б. қорлардың құжаттары қаралып, тақырыптың мазмұнын ашатын, статистикалық деректермен қуаттайтын құжаттардың көшірмелері алынды. Сонымен қатар 1921-22 жж. Тюмень облысында болған аштықтың кейбір мәселелері көрсетілген құжаттар да алынды.

Қазіргі уақытта жиналған архив материалдарын жоба бойынша дайындалатын құжаттар жинағы мен ұжымдық монография жазуға пайдалану үшін жүйелеу жұмыстары жүргізілуде.