Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Сыйға тарттылған кітаптар


«Жүз ауыл», «Жүз қария», «Шежіре», «Ою-өрнек құпиясы» бағдарламасы бойынша институттан Алматы облысы Ескелді ауданына қарасты Ақын Сара ауылына этно-мәдени экспедицияға барған ғылыми қызметкерлер Тимур Әпендиев пен Өмірбек Қанайға ауыл әкімі Идеал Жаманбалин бастаған ауыл тұрғындары ауылдық мешітте 1907 жылы Қазан қаласында басылған құран аудармасы мен жүз жыл бұрын шыққан 3 кітапты сыйға тартты. Көпшіліктің қолдануына мүмкін болу үшін бұл кітаптар «Ғылым Ордасы» кітапханасының сирек қорлар бөліміне өткізілмек.