Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қалалары әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде: этнодемографиялық және әлеуметтік-мәдени дамуы» жобасы аясында Қ.М. Мурзаходжаевтың Қызылорда қаласында болған ғылыми іссапар қорытындысы


2023 жылғы 15-21 қазан аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Тарихи демография және Қазақстан халқы Ассамблеясы бөлімінің ғылыми қызметкері Қуаныш Мәдиұлы Мырзаходжаев «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қалалары әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде: этно-демографиялық және әлеуметтік-мәдени дамуы» гранттық жобасы бойынша ғылыми іссапарды жүзеге асырды. Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатының (ҚОММ) қорында жұмыс істеді.

Қызметтік тапсырманың міндеттеріне сәйкес іссапар барысында жоғарыда көрсетілген архивтің қорларынан ғылыми жоба тақырыбы бойынша құжаттарды анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, жұмыс барысында Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағат қорларының істері қаралды: Р-885 қоры – ТМД (Мәскеу, Орынбор, Ташкент) және ҚР ОМА мұрағаттарында анықталған Қызылорда облысының тарихына қатысты құжаттардың көшірмелері 1734-1938 жж.

Қ. Р-885. Т.3. 6-іс О перенесении столицы из г. Кзыл-Орда в г. Алма-Ата;

Т.1. 7-іс Документы (доклады, рапорты, переписка, статья) об организации Сырдарьинской экспедиции и исследовани местности 1894-1896 гг.;

Т.4. 1-іс Переписка по вопросам административно-территориального деления Казахской ССР;

Т.2. 4-іс Статьи из газет «Туркестанские ведомости», Правда Востока»;

Т.3. 3-іс. Протоколы заседаний по вопросу нового строительства города Кзыл-Орда;

Т.3. 2-іс О перенесении столицы из Оренбурга в Акмечеть (постановления, приказы, протоколы, телеграммы), 1925 г.;

Т.1. 6-іс Сведения об экономическом капитале Киргизской орды (торговля, строительство, гибель скота, ссудная касса);

Т.5. 9-іс Справка о деятельности Киргизской Научной комиссии при Государственном Научном Совете;

Т.5. 2-іс Журнал совещании по «Землеустройству киргизов».

Қазіргі уақытта ұжымдық монография жазуға және жоба бойынша құжаттар жинағын дайындауға пайдалану үшін жиналған мұрағат материалдарын жүйелеу жұмыстары жүргізілуде.