Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

РҒА ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ АНТРОПОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ


9 қазан 2023 жылы директордың Қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары А.Т.Абдулина Ресей ғылым академиясының Этнология және антропология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Анатольевич Функпен ынтымақтастық туралы меморандум жасау жөнінде келіссөздер жүргізді. Кездесуде Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жас ғалымдарын Ресейдегі этнология, әлеуметтік мәдениет және физикалық антропология саласындағы жетекші ҒЗИ болып табылатын РҒА ЭАИ-да тағылымдамадан өткізу  мәселесі талқыланды. Сонау 50-ші жылдары аталмыш институтта бірегей бас сүйегін қалыптастыру әдісінің авторы М.Герасимов жетекшілігімен антропологиялық қалпына келтіру зертханасы құрылған болатын. Өкінішке орай, біздің елде физикалық антропология мамандары өте аз. Қазақстандық антрополог- ғалымдардан тек ҰҒА еңбегі сіңген академигі, Болон ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық иегері, тарих ғылымының докторы О.Смағұлұлы мен қызы А.О.Смағұлованы атауға болады. Д.А.Функ біздің институттың сұранысы бойынша мәскеулік антропологиялық қалпына келтіру зертханасында қазақстандық мамандарға тағылымдаманы тегін немесе жеңілдік алып беру үшін бар күшін салатынын мәлімдеді.

Кездесу соңында екі ҒЗИ арасында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылып, ғылыми басылымдармен алмасты. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты кітап қорына институт директоры Д.А.Функ қазақтар туралы материалды қамтитын төмендегідей кітаптар берді:

1) Антология шорского эпоса / Составление, перевод на русский язык, вступительные статьи и комментарии Д.А. Функа. М.: ИЭА РАН, 2022. – 296 с.

2) Институт этнологии и антропологии Российской академии наук. 90 лет / Под ред. Д.А. Функа. М.: Буки-Веди, 2023. 197 с.

3) Образы России и мира в фотоколлекции Д.Н. Анучина. Этнографический альбом / Отв.ред. М.Б. Лейбов. М.: Изд-во «Буки Веди», 2020. 220 с., 510 илл.3.

4) Образы России и мира в фотоколлекции Д.Н. Анучина. Этнографический альбом. Том 2 / Отв.ред. М.Б. Лейбов. М.: Изд-во «Буки Веди», 2023. 3с., 318 илл.3.

10 қазанда директордың Қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары А.Т.Абдулина РҒА Ресей тарих институтының директор орынбасары, тарих ғылымы докторы Дмитрий Борисович Павловпен кездесу өткізді. 2022 жылы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты аталған ҒЗИ-мен әріптестік жөнінде меморандум бекіткен, сондықтан кездесуде қос тарап Қазақстанның Ресей империясы мен Кеңестер Одағы кезеңдері тақырыптарында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу механизмін әзірлеу қажеттігі туралы ұсыныстар жасалды. Ресей тарабы қазақстандық тарихшы – ғалымдарды біліктілігін арттыруға қабылдауға, халықаралық конференция, форум және басқа да іс-шараларды өткізуге дайын. Д.Б.Павлов біздің Институт кітабын қабылдай отырып А.Т.Абдулинаға «История народов России в исследованиях и документах. Вып. 10 / [отв.ред. Дж.Я. Рахаев]; Ин-т рос. истории Рос. акад. наук. М. Ин-т рос. истории Рос. акад. наук. 2023. 446 с.» кітабын ұсынды.