Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТАРИХИ ДӘСТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» МҚЖ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МӘСКЕУГЕ ЖАСАЛҒАН ІССАПАР ҚОРЫТЫНДЫСЫ


8-20 қазан аралығында Директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары А.Т.Абдулина «Қазақ мемлекетінің тарихи дәстүрлері және ұлттық болмысты сақтау мәселелері»жобасы аясындаМәскеуде (Ресей Федерациясы) архоеграфиялық іссапармен болды.

Сапар мақсаты: жоба аясында архоеграфиялық зерттеулер жүргізу, Ресей ежелгі актілер мемлекеттік мұрағаты (РЕАММ), Ресей Әдебиет және өнер мемлекеттік мұрағаты (РӘӨММ), Ресей Экономика Мемлекеттік Мұрағаты (РЭММ) және Ресей Мемлекеттік кітапханысының материалдарымен танысу, анықтау және фотокөшірме жасау.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының мұрағат қорына енгізуге арналған анықтау мен фотокөшірме жасауда алға қойылған мақсат толығымен орындалды. Мұрағаттық құжаттар, кітап және диссертация материалдарынан фотоға түсіру әдісімен 1079 кадр алынды.

Ресей  ежелгі актілер мемлекеттік мұрағатында Қ. 11. Т. 1 разряд ХІ зерттелді.  Ресей империясы мемлекеттік мұрағатынан  XVII –XIX ғасырларға жататын Орынбор өңірінің ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы жағдайы туралы  құжаттар, әртүрлі адамдардың хат алмасулары  көшірме жасалды. Атап айтқанда, ресейліктер мойындаған, 1812-1824 жылдар аралығы билік құрған кіші жүздің соңғы билеушісі Шерғазы ханның (1767 – 29.08.1845) Хиуа билеушісімен қарым қатынасы (І. 1208), Кенесары Қасымов көтеріліс туралы (І. 1217) құжаттар.

РЕАММ. Қ.196. Т. 1. Ф.Ф. Мизуриннің жинағы. 6. І. 1634. Қырғыз-қайсақ Орта жүз Ордасын сипаттау. Қырғыз-қайсақ немесе дала адамы. Жоғалған казак. XVIII-XIX ғғ. 36 б. (132 кадр)

Қырғыз–қайсақ ісінде (Қ. 122, Т. 1) 1594 жылғы патша Федор Иоанновичке қырғыз-қайсақ ханзадасы Оразмаметтің алғыс білдірген жазбасы бар (І. 1). Екінші істе (І. 2) Қырғыз-қайсақ ордасының ханы Тәуекелдің 1595 жылы патша Федор Иоанновичке жіберген елшісі Құлмағамбеттің қол астына алу туралы жария етілген. Сонымен бірге 3-іске де көшірме жасалды. Бұл 1416 жылы Тобылға, Сібір губернаторы М.Гагаринге Қырғыз-қайсақ Ордасынан екі елшінің келгені туралы. Құжаттар ескі славян тілінде жазылғандықтан оқу қиын әрі микрофильмдер айтарлықтай ескірген.

РЕАММ. Қ.186. Ф.А.Бюлер жинағы. Т. 1. І. 99. «Ішкі (Бөкей) Орданың Қырғыз-қайсақтары» атты Ф.А.Бюлердің мақаласы. Мақалада қырғыз шариғат заңдары қосымшамен берілген. 1840 жылдар. Қолж. 77 б. (61 кадр)

Орыс заңгері және дипломаты, Мәскеу бас мұрағаты басшысы Ф.А.Бюлердің жинағында (Қ. 186) қырғыз шариғат заңдары қосымшасымен  бірге берілген «Ішкі (Бөкей) Орданың Қырғыз-қайсақтары» қолжазбасы қамтылған. 1840 жылдары жазылған «Дала хаттары» Астраханьға (І. 92) сапары туралы. Бюллердің қорында өзге де адамдардың мақалалары, жазбалары жиналған. Олар: Карл Фукстың «Қазанға қырғыз ханы Жәңгірдің келуі» (І. 158. 1826 ж.) авторы белгісіз «Ішкі қырғыз-қазақ ордасының ханы Қазанда (1844 ж. қаңтары)» (І. 160. 1844 – 1847 ж.), «Ішкі Орда қырғыздары өзара және сыртқы басқару бойынша сот жүргізу туралы». Бұл Бөкей Ордасының құрылымын, табиғаты, климат жағдайын, тұрмысы мен әдет-ғұрпын айқындайтын құнды құжат.

РЭММ. Қ. 514. “Стандарт” акционерлік құрылыс компаниясы және оның жою комиссиясы. 1922-1927. Т. 1. 1қ. Стандарт А/Қ 1922-1924 жылдардағы әрекеті туралы біріктірілген есебі. 01 қараша 1922 01 қаңтар 1924. 411 б. 6 кадр.

Ф.Ф. Мизуриннің  Қ.196. І. 1634. «Қырғыз-қайсақ Орта жүз Ордасын сипаттау. Қырғыз-қайсақ немесе дала адамы. Жоғалған казак» жинағы XVIII-XIX ғасырларға тиесілі. Құжат тарихи-этнологиялық қолжазба. Өйткені автор қырғыз-қайсақ (қазақ), рулық-тайпалық құрамды сипаттайды.  Әбілқайыр, Абылай сынды хандар туралы мәліметтер келтіреді. Қазақтың шаруашылығы, дәстүрі мен ғұрпын сипаттайды.

РЭММ. Қ. 514. І. 74. Орта-Азия бөлімі туралы материалдар (хаттамалар, есептер, анықтамалар, хат алмасулар). Т. 1. 01 қазан 1924 – 09 маусым 1925. 406 б. 44 кадр.

Ресей Экономика Мемлекеттік Мұрағатында 1920 жылдары Шымкент пен Әулие-Ата (қазіргі Тараз)қалаларында құрылыс жұмыстарымен айналысқан “Стандарт” акционерлік құрылыс компаниясының Орта-Азия бөлімі туралы құжаттар зерттелді және бір бөлігі көшірме жасалды. 1933 жылғы РСФСР жұмысшыларының өмірінен сыр шертетін Қ. 8022 І. 26 қызығушылық тудырды. Бұл материалдарды Қазақстан қалалары зерттеулері үшін салыстырмалы анализге қолдануға болады. Алма-Ата қаласының бас жобасы туралы «Қалалар құрылысы мен жобалауын қарау мен бекіту жөнінде материалдар мен хат алмасулар» (Қ. 9432. Т. 1.) І. 199-дан үзінді көшірме жасалды. Жоба 1936 жылы РСФСР коммуналдық  шаруашлығының Халық комиссариаты  1-ші Құрылыс-жобалау шеберханасымен әзірленген және 1937 жылы ҚазССР комиссарлар Кеңесімен бекітілген.

РӘӨММ. Қ. 674. КСРО құрылысшылар кеңесі (Мәскеу, 1932-1991). Т. 3. І. 1064. Құрылысшы М. М. Меңдіқұловтың “Қазақстанның кеңестік сәулет өнерінің шығармашылық бағдарының кейбір мәселелері жобалау және тәжірибесі” атты есебі. 46 п. 10 кадр.

Ресей Әдебиет және өнер мемлекеттік мұрағатында құрылысшы М. М. Меңдіқұловтың “Қазақстанның кеңестік сәулет өнерінің шығармашылық бағдарының кейбір мәселелері жобалау және тәжірибесі” атты есебінің бір бөлігі көшірме жасалды. Есеп Қ.674 «КСРО құрылысшылар Кеңесі» Т. 3) сақталған. 1936-1953 жылдардағы (т. 3) «КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы өнер істері бойынша комитет» Қ. 962-ге 1940 жылдардың соңындағы Қазақсандағы театр өнерінің дамуын сипаттайтын 220, 239, 5987 істерге де көшірме жасалды.

РӘӨММ. Қ. 962. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы өнер істері бойынша комитет (Мәскеу, 1936-1953). т. 3. І. 239. Қырғызстан мен Қазақстан өнер басқармаларының жұмыстары зерттеулерінің нәтижелері туралы есеп. 46 п. Микрофильм. 16 кадр.

Ресей Мемлекеттік кітапханасында Қазақстан қалаларының тарихы мен күнделікті өміріне қатысты соңғы жылдардағы ресейлік басылымдар көшірме жасалды (фотоға түсірілді). Зерттеу жұмысы келесі ғылыми іс-сапарларда жалғасатын болады.